https://sputnik.kz/20251010/qazaqstan-men-resey-shekaradagy-zhuk-tasymaldaushylarga-qatysty-shekteu-maselesin-rettedi-57775878.html
Қазақстан мен Ресей шекарадағы жүк тасымалдаушыларға қатысты шектеу мәселесін реттеді
Қазақстан мен Ресей шекарадағы жүк тасымалдаушыларға қатысты шектеу мәселесін реттеді
Sputnik Қазақстан
Шекарадағы кептеліс мәселесін Еуразиялық экономикалық комиссия мен үкіметаралық комиссия отырысында талқылау жоспарланған болатын 10.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-10T15:45+0500
2025-10-10T15:45+0500
2025-10-10T15:47+0500
қазақстан
ресей
шекара
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_0:155:1600:1055_1920x0_80_0_0_141bb1c02b9c055321c71b33e5c1bee8.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев әлеуметтік желіде Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша халықаралық жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жаңа миграциялық шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.Бұл мынаны білдіреді:Еске салайық, 1 қаңтардан бастап Ресейде күшіне енген заңға сәйкес шетелдіктер Ресей Федерациясында тіркеусіз жылына 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады(бұрын 180 күн болған). Ресей мен Беларусь аумағында болу бірге саналады.Қыркүйек айынан бастап Ресейдің заңсыз импортты анықтау бойынша жүргізіліп жатқан рейді шекарадағы жағдайды қиындатқан. Қосымша тексерулердің салдарынан жекелеген өткізу пункттерінде жүк көлігін тексеру уақыты артты.Қазақстан үкіметі бұл жағдайды сыртқы саудаға кедергі келтіретін тосқауыл деп тану туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми өтініш жолдады. Мәселе 13 қазанда ЕЭК алаңында және 7 қарашада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында қаралады деп жоспарланған болатын.
https://sputnik.kz/20250921/shekarada-kolik-keptelip-tur---kolik-ministrligi-tusinikteme-berdi-57264926.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_130:0:1553:1067_1920x0_80_0_0_c061427a62162bcd44e37867b5634930.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, шекара
Қазақстан мен Ресей шекарадағы жүк тасымалдаушыларға қатысты шектеу мәселесін реттеді
15:45 10.10.2025 (жаңартылды: 15:47 10.10.2025) Шекарадағы кептеліс мәселесін Еуразиялық экономикалық комиссия мен үкіметаралық комиссия отырысында талқылау жоспарланған болатын
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев әлеуметтік желіде Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша халықаралық жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жаңа миграциялық шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
"Біздің үкімет Ресей Федерациясындағы әріптестерімен жедел арналар арқылы хабарласып, кеше кешкісін халықаралық жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жаңа миграциялық шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылданды", - деп жазды депутат.
қазақстандық тасымалдаушыларға "Ресей аумағында 90 күн болу" талабы қолданылмайды;
депортация және айыппұл шаралары тоқтатылды;
көлік саласындағы жұмыс орындары сақталды.
Еске салайық, 1 қаңтардан бастап Ресейде күшіне енген заңға сәйкес шетелдіктер Ресей Федерациясында тіркеусіз жылына 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады(бұрын 180 күн болған). Ресей мен Беларусь аумағында болу бірге саналады.
Қыркүйек айынан бастап Ресейдің заңсыз импортты анықтау бойынша жүргізіліп жатқан рейді шекарадағы жағдайды қиындатқан. Қосымша тексерулердің салдарынан жекелеген өткізу пункттерінде жүк көлігін тексеру уақыты артты.
Қазақстан үкіметі бұл жағдайды сыртқы саудаға кедергі келтіретін тосқауыл деп тану туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми өтініш жолдады. Мәселе 13 қазанда ЕЭК алаңында және 7 қарашада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында қаралады деп жоспарланған болатын.