Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ президенті күрделі дағдарыстарды шешу үшін көп жұмыс істеп жатыр - Путин

© Sputnik / Алексей Бабушкин / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел заседание Совбеза РФ
Президент Владимир Путин провел заседание Совбеза РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Ол қақтығыстар ондаған жылдарға созылып жатқан болуы да мүмкін
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп күрделі, ұзаққа созылған дағдарыстарды шешу үшін көп жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ-тың қазіргі президенті Нобель сыйлығына лайық па, жоқ па, білмеймін, бірақ ол жылдарға, тіпті ондаған жылдарға созылған күрделі дағдарыстарды шешу үшін көп жұмыс істеп жатыр", - деді Путин Тәжікстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.
Путин Укрианадағы қақтығысты шешуге қатысты ойымен де бөлісті.
Ол Ресей мен АҚШ Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтату үшін қандай бағытты ұстану керектігін түсінеді, деп мәлімдеді.
"Біз Анкориджде не талқыланғанын толық жариялаған жоқпыз. Жалпы АҚШ пен Ресей Федерациясы бұл қақтығысты бейбіт жолмен тоқтату үшін қандай бағытты жұмыс істеу керектігін және неге ұмтылу керектігін түсінеді", - деді Путин.
Владимир Путин Шығыс экономикалық форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Ресей үшін де қауіпсіздік кепілдігі болуы керек - Путин
Жаңалықтар
0