25 жыл бұрын Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылды

© Photo : Правовой портал ЕАЭС25 жыл бұрын Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылды
25 жыл бұрын Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Бүгін Одақ мемлекеттері үшін маңызды күн
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. 2000 жылы 10 қазанда Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойылды.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылған кезден бастап бес мемлекет — Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше болды. 2006 жылдың қаңтарында ұйымға Өзбекстан қосылды (2008 жылдың қазан айында ол мүшелікті тоқтатты).
Украина, Молдова және Армения ЕЭҚ жанындағы бақылаушылар мәртебесіне ие болды. 2003 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие болды.
2006 жылғы 16 тамызда Сочиде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде ЕЭҚ және ЕЭК шеңберінде үш мемлекет - Беларусь, Қазақстан, Ресей кеден одағын құру туралы шешім қабылдады.
2014 жылғы 10 қазанда Минскіде ЕЭҚ қызметін тоқтату туралы шартқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қол қойылды. Оның орнына Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
ЕАЭО-да 53 миллионға жуық контрафакт тауар тәркіленді - ЕЭК министрі
Жаңалықтар
0