Қызылордада жазасын өтеуші Астанадағы емдеу орталығын сотқа берді

© Sputnik / Табылды КадырбековҚызылордада жазасын өтеуші Астанадағы емдеу орталығын сотқа берді
Қызылордада жазасын өтеуші Астанадағы емдеу орталығын сотқа берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Ұлттық нейрохирургия орталығы сотталушыны ауруханаға жатқызудан бас тартқан
АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. Қызылордадағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы қажетті ем ала алмағанын айтып сотқа шағымданды, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
Сотталушы нейрохирургтың қорытындысы бойынша бел омыртқасына қайталап ота жасау үшін Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына жіберілген. Орталық "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы арқылы жоспарланған ауруханаға жатқызуды мақұлдап, операцияны тағайындаған. Сотталушы ем алу үшін конвоймен Астанаға жеткізіледі.
"Алайда медициналық мекемеге келгеннен кейін конвойленген адамдарға арналған мамандандырылған палатаның болмауына байланысты сотталушыны ауруханаға жатқызудан бас тартылған. Сотталушы сотқа шағым түсірді", - дейді ведомство.
Бірінші сатыдағы сот орталықтың бас тартуын заңсыз деп тапты. Медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес, емдеу ұйымы сотталушыны ауруханаға жатқызу үшін қауіпсіздік шараларымен жабдықталған оқшауланған палаталарды қамтамасыз етуге міндетті.
Сот сотталушының талабын қанағаттандырып, орталық ота жасауға міндеттеді.
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Ақтөбеде күйеуі ұрғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқан әйел көз жұмған
Жаңалықтар
0