Қазақстандықтардың 53,2%-і өмір сүру жағдайына риза - статистика

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстандықтардың 53,2%-і өмір сүру жағдайына риза - статистика
Қазақстандықтардың 53,2%-і өмір сүру жағдайына риза - статистика - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Сауалнамаға қатысқандардың 73%-і келешекте жағдай жақсаратынына сенімді
АСТАНА, 9 қазан-Sputnik. Ұлттық статистика бюросы халықтың өмір сүру сапасы бойынша сауалнама нәтижелерін жариялады.
Нәтижелер респонденттердің 53,2%–і өмір сүру жағдайларына қанағаттанғанын, 46,3%-і ішінара қанағаттанғанын көрсетті.
Бұл ретте, ауылдық жерлерде өміріне қанағаттанғандар көп 65,4%, ал қалалықтар көрсеткіші - 51,7%.
2024 жылы жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда азаматтардың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2025 жылы 52,5%-тен 53,2-ге дейін өсті.
Респонденттердің 51%–і өз денсаулығына қанағаттанады, 46,4%-і ішінара қанағаттанатынын айтқан. Өткен жылмен салыстырғанда халықтың денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайызға артқан.
Материалдық қамтамасыз ету деңгейі (табысы) бойынша:
респонденттердің 73,6%-і өздерін қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызды;
респонденттердің 65,8%-і туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті.
респонденттердің 73%-і келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2024
Қазақстанда ер адамдар ең көп қай салада жұмыс істейді – статистика
Жаңалықтар
0