Қазақстан мен Қытай заманауи ветеринариялық зертхана құру жобасын жүзеге асырды

© Photo : ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан мен Қытай заманауи ветеринариялық зертхана құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды
Қазақстан мен Қытай заманауи ветеринариялық зертхана құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Жаңа зертхана жыл сайын аса қауіпті жұқпалар бойынша 550 мыңға дейін зерттеу жүргізе алады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруда маңызды заманауи көпсалалы ветеринариялық зертхана ашылды.
© Photo : ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан мен Қытай заманауи ветеринариялық зертхана құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды
ҚР мен ҚХР заманауи ветеринариялық зертхана құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Қазақстан мен Қытай заманауи ветеринариялық зертхана құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды
Жобаға мемлекет басшысының Қытайға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған. Екі ел арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде жүзеге асырылды.
"Зертхананың ашылуы – ғылым мен технологияны дамытуға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижесі. Жаңа орталық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін", – деді ауыл шаруашылығы министрі.
Келісім шеңберінде Қытай үкіметі ШҚО әкімдігіне жалпы құны 840 млн теңге болатын 99 бірлік заманауи зертханалық жабдық пен жиһазды тапсырды.
"Зертхана Қытай және халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген, бұл ветеринариялық диагностика, сапаны бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі саласында жоғары дәлдікті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы филиалының базасында орналасқан" - делінген хабарламада.
Қытай мамандары жабдықты орнатып, баптауды жүзеге асырып, қазақстандық қызметкерлерді оқытты. Жаңа зертхана жыл сайын аса қауіпті жұқпалар бойынша 550 мыңға дейін зерттеу және азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша 4 мыңға дейін талдау жүргізе алады.
Іс-шара аясында Республикалық ветеринариялық зертхананың өңірлік филиалдары мен ШҚО ветеринариялық станцияларына арналған 22 бірлік қызметтік және арнайы техниканың кілттері табысталды.
Закат на трассе Нур-Султан - Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Қазақстанда жолдарды тексеретін жылжымалы зертхана іске қосылды
Жаңалықтар
0