Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Мемлекеттік сапар ел басшысының шетелдік сапарының ең жоғары санаты болып саналады
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Қазақстан президенті 12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен баратынын мәлімдеді.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей - Орталық Азия" саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қараша айында болатыны бұған дейін хабарланған болатын.
️Мемлекеттік сапар ел басшысының шетелдік сапарының ең жоғары санаты болып саналады. Ол бүкіл өкілеттік мерзімі ішінде бір рет қана жүзеге асырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен Әзербайжанға барады
Жаңалықтар
0