Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропарламент Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға несие беру үшін пайдалануды ұсынды

© Sputnik / СтрингерЕуропарламент ғимараты
Еуропарламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Еуропарламент Еуроодақты Ресейдің барлық бұғатталған активін Украинаға несие беру үшін негіз ретінде пайдалануға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл қарар Еуропарламент сайтында жарияланды.
"Еуропарламент Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерді G7 серіктестерімен бірге Еуропалық комиссияның Ресейдің барлық бұғатталған активін Украинаға өтелуі Ресейдің болашақта соғыс өтемақысын төлеуіне байланысты болатын қомақты грант пен несие беру үшін негіз ретінде пайдалану туралы ұсынысын дереу мақұлдауға шақырады", - делінген қарарда.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Еуроодақтың Ресейдің Украинаға өтемақы төлеуі туралы идеясы шындыққа жанаспайтынын айтты.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану мәселесін талқылайды – Bloomberg
Жаңалықтар
0