Түркістан облысында бауырын зорлаған ағайындылар сотталды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуТүркістан облысында бауырын зорлаған ағайындылар сотталды
Түркістан облысында бауырын зорлаған ағайындылар сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Денсаулығында дімкәстігі бар 23 жастағы жігіт 13 жыл бойы зорланып келген
АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылында 23 жастағы туысқан бауырын зорлаған ағайындылар сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Гүлзада Ахметова 23 жастағы ұлының 13 жылдан астам уақыт бойы зорланғанын айтып, әділдік іздеген болатын. Сот күдіктілерге қатысты бүгін үкім шығарды.
"Олардың бірі өз үйіне моншаға түсуге келген туысқан әпкесі мен оның баласын, яғни жәбірленушіні көреді. Сотталушылар Б және Д-мен алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, яғни жыныстық қатынасқа түскен", - дейді сот.
Прокурор 3 сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда үш айыптының бірі кінәсін ішінара мойындаса, екеуі тағылған айыптан бас тартқан. Үшеуі де жыныстық қатынасқа түсті деген айыпты жоққа шығарып, соттан өздерін ақтауды сұраған.
"Жәбірленушінің өкілі сотталушыларға қатаң жаза тағайындап, моральдық шығын 15 млн теңге өндіруді сұрады. Сот үкімімен үш айыпталушы да 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды", - дейді Түркістан облыстық соты.
Сотталушылардан 5 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, жаға ұстатарлық жағдай ақпан айында болған. Денсаулығы дімкәс 23 жастағы жігіт 13 жыл бойы туысқан бауырларынан қорлық көріп келген. Оқиғаның қалай болғанын тілшімізге жәбірленушінің анасы Гүлзада Ахметова айтып берген болатын.
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
"Қамаңыздаршы": Түркістан облысында 6 адам мүгедек жігітті зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0