Шымкентте дүкен жанынан адам сүйектері табылды

© Pixabay / ZezyaБас қаңқасы
Бас қаңқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
өткен жылы бұл аумақта құрылыс жұмыстары кезінде қорым анықталған
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Шымкентте дүкен маңынан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шымкенттік тұрғын дүкен маңынан адам сүйектері салынған целофан пакет тауып алған. Пакетте бас сүйек те болған.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Полиция оқиға орнына дереу жеткен.
"Табылған сүйектер жерлену мерзімін анықтау үшін сараптамаға жіберіледі. Айта кетейік, өткен жылы бұл аумақта құрылыс жұмыстары кезінде қорым табылған болатын. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, оларға шамамен 25–30 жыл болған", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Полиция мұндай жағдайларда міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарласып, полиция келгенге дейін өз бетімен ешқандай әрекет жасамау керектігін ескертті.
Лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Шымкентте ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды
Жаңалықтар
0