https://sputnik.kz/20251008/qurylys-salasyna-baqylau-sharalary-kusheytiledi-57708478.html
Құрылыс саласына бақылау шаралары күшейтіледі
Құрылыс саласына бақылау шаралары күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Құрылыс кодексі жобасында нысанды қабылдау кезінде ГАСК пен төтенше жағдай органдарының міндетті түрде қатысуы қарастырылған 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T12:22+0500
2025-10-08T12:22+0500
2025-10-08T12:22+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137582_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_1f08984011d43ef0c1fa7e43142b4096.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексі бойынша бақылау шаралары қалай күшейтілетінін айтты.Соңғы жылдары Қазақстанда “Doing Business” көрсеткішін жақсарту үшін бірқатар шаралар жасалды. Министрдің айтуынша, соның салдарынан сәулет пен құрылыс салаларындағы мемлекеттік бақылау деңгейі төмендеді.Былтыр "жедел әрекет етудің" жаңа тетігі енгізілген болатын. Соның аясында заң бұзылған жағдайда құрылыс жұмыстары тоқтатылады. Тіпті, лицензия мен өзге де рұқсат құжаттарын қайтарып алу шарасы бар. Ал "жоспарлы инспекциялау" арқылы құрылысты басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тексерілетін болды. Құрылыс кодексі осы шараларды тағы күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тәртіпті күшейту үшін ереже бұзған компанияларға қатысты ортақ жауапкершілік енгізіледі. Егер ірі заң бұзу факті анықталса, мұндай компанияларға құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.Айта кетері, кодекс аясында тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі де ұзартылады.
https://sputnik.kz/20250207/qurylys-kodeksi-turgyn-uylerge-qyzmet-korsetudin-kepildik-merzimi-uzartylady-50659241.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137582_16:0:2745:2047_1920x0_80_0_0_c8ee629474845ed334631c78405f4e17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Құрылыс саласына бақылау шаралары күшейтіледі
Құрылыс кодексі жобасында нысанды қабылдау кезінде ГАСК пен төтенше жағдай органдарының міндетті түрде қатысуы қарастырылған
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексі бойынша бақылау шаралары қалай күшейтілетінін айтты.
Соңғы жылдары Қазақстанда “Doing Business” көрсеткішін жақсарту үшін бірқатар шаралар жасалды. Министрдің айтуынша, соның салдарынан сәулет пен құрылыс салаларындағы мемлекеттік бақылау деңгейі төмендеді.
Былтыр "жедел әрекет етудің" жаңа тетігі енгізілген болатын. Соның аясында заң бұзылған жағдайда құрылыс жұмыстары тоқтатылады. Тіпті, лицензия мен өзге де рұқсат құжаттарын қайтарып алу шарасы бар. Ал "жоспарлы инспекциялау" арқылы құрылысты басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тексерілетін болды. Құрылыс кодексі осы шараларды тағы күшейтуге мүмкіндік береді.
"Құрылыс кодексі жобасында нысанды қабылдау кезінде ГАСК пен төтенше жағдай органдарының міндетті түрде қатысуы қарастырылған. Олар нысанның пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды береді. Жаңа заңнамалық өзгерістер құрылыс циклінің басынан аяғына дейін мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздеп отыр", - деді Нағаспаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, тәртіпті күшейту үшін ереже бұзған компанияларға қатысты ортақ жауапкершілік енгізіледі. Егер ірі заң бұзу факті анықталса, мұндай компанияларға құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.
Айта кетері, кодекс аясында тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі де ұзартылады.