Қазақстан сұйытылған мұнай газын ел аумағынан алып шығуға салынған тыйымды ұзартты

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз""Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." газ-химия кешені
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. газ-химия кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Шара ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан сұйытылған мұнай газын алып шығуға салынған тыйым салуды алты айға ұзартты.
"Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен алып шығуға тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылды. Бұл шара сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын көліктер санының өсуін және оның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ЕАЭО елдеріне жеткізуді қоса алғанда, ірі қара малдың бұқашықтарын алып шығуға тыйым салу да алты айға ұзартылды, 120 мың бас ұсақ малдың тоқты қошқарларын алып шығуға арналған квота күшінде қалды.
Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия Қазақстанға ойын автоматтарын алты ай мерзімге әкелуге рұқсат беру тәртібін қолдануды мақұлдады.
Бұл рұқсат ойын бизнесі саласында қызмет етуге мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар үшін ғана жарамды. Тиісті лицензиялау механизмі заңсыз құмар ойындармен және проблемалық құмар ойындармен күресудің кешенді жоспарының бөлігі ретінде енгізіліп жатыр.
Duty free в международном аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Елде Tax Free жүйесінің мерзімі ұзартылды
Жаңалықтар
0