https://sputnik.kz/20251008/piter-foster-air-astana-aue-kompaniyasynyn-basshylyq-qyzmetinen-ketedi-57710616.html
Питер Фостер Air Astana әуе компаниясының басшысы қызметінен кетеді
Питер Фостер Air Astana әуе компаниясының басшысы қызметінен кетеді
Sputnik Қазақстан
Ол компанияны 20 жыл басқарған 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T13:30+0500
2025-10-08T13:30+0500
2025-10-08T15:20+0500
эйр астана
әуе компаниясы
https://sputnik.kz/img/1260/35/12603567_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_2ece21ab91cc7f3c1b2cabc49a0754ce.jpg
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында "Air Astana" әуе компаниясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесі қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.Әуе компаниясының мәліметінше, Фостер авиакомпаниялар тобы мен директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.Сонымен қатар, Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор болып тағайындалады.Ол 2003 жылдан бастап "Air Astana" компаниялар тобында жұмыс істеген, бастапқыда коммерциялық бөлімшелерде басшылық қызметтерді атқарған, ал 2017 жылдан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директоры.Айта кетейік, "Air Astana" тобы кірісі мен флот көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.
https://sputnik.kz/20251003/air-astana-qazhylyqqa-baratyndar-ushin-qosymsha-reysterdi-iske-qosady-57573359.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/35/12603567_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_c5423df112e6b8d24ae6ac622168b534.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эйр астана, әуе компаниясы
эйр астана, әуе компаниясы
Питер Фостер Air Astana әуе компаниясының басшысы қызметінен кетеді
13:30 08.10.2025 (жаңартылды: 15:20 08.10.2025) Ол компанияны 20 жыл басқарған
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында "Air Astana" әуе компаниясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесі қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе компаниясының мәліметінше, Фостер авиакомпаниялар тобы мен директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.
"Директорлар кеңесі Питер Фостерге "компанияны 20 жыл бойы көрнекті басқарғаны үшін" алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор болып тағайындалады.
Ол 2003 жылдан бастап "Air Astana" компаниялар тобында жұмыс істеген, бастапқыда коммерциялық бөлімшелерде басшылық қызметтерді атқарған, ал 2017 жылдан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директоры.
Айта кетейік, "Air Astana" тобы кірісі мен флот көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.