https://sputnik.kz/20251008/ministr-qurylys-ushin-seysmikalyq-qauipti-aymaqtardy-atady--57706843.html
Министр құрылыс үшін сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады
Министр құрылыс үшін сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің қатарына кіреді 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T11:40+0500
2025-10-08T11:40+0500
2025-10-08T11:40+0500
жер сілкінісі
сейсмология
құрылыс
министр
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721871_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_17ca5a9e86abab25c476f50d0c30afc9.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің қатарына кіреді. Себебі ел аумағының 45 проценттен астамы жойқын жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жатады. Жеке тараудың негізгі талаптары:"Бұл жерде сейсмикалық микроаймақтарға бөлу ерекше маңызға ие. Оның карталары қала құрылысын жоспарлау кезінде міндетті түрде пайдаланылатын болады", - деп атап көрсетті министр. Осылайша, жаңа Кодекске енгізілетін сейсмикалық қауіпсіздік бөлімі халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға, салаға заманауи ғылыми-технологиялық негіз қалыптастыруға жағдай жасайды.
https://sputnik.kz/20251006/qazaqstannyn-ontustiginde-tunde-zher-silkindi---57648692.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721871_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_3f129da8e7de30b98edecd93434c8450.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі, сейсмология, құрылыс, министр
жер сілкінісі, сейсмология, құрылыс, министр
Министр құрылыс үшін сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады
Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің қатарына кіреді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің қатарына кіреді. Себебі ел аумағының 45 проценттен астамы жойқын жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жатады.
"Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы облысы, сондай-ақ халық пен инфрақұрылым шоғырланған Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жатады. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа құрылыс кодексінде осы мәселеге арналған жеке тарау енгізіледі", - деді Нағаспаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Жеке тараудың негізгі талаптары:
кешенді түрде сейсмикалық қатерді бағалау;
жаңа нысандарды сейсмо-оқшаулау технологиясымен жобалау;
құрылыс алаңдарын таңдау;
бірінші деңгейдегі маңызды нысандарға инженерлік-сейсмометриялық бақылау жүргізу;
аймақтың ерекшелігі мен нысандардың сипатына қарай ықтимал шығындарды есептеу;
тәуекел карталарын жасау;
ғимараттардың төзімділігін бағалау;
қауіпті өңірлердегі нысандарды техникалық паспорттау.
"Бұл жерде сейсмикалық микроаймақтарға бөлу ерекше маңызға ие. Оның карталары қала құрылысын жоспарлау кезінде міндетті түрде пайдаланылатын болады", - деп атап көрсетті министр.
Осылайша, жаңа Кодекске енгізілетін сейсмикалық қауіпсіздік бөлімі халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға, салаға заманауи ғылыми-технологиялық негіз қалыптастыруға жағдай жасайды.