https://sputnik.kz/20251008/astana-avtoparki-300-zhana-avtobuspen-tolyqtyryldy-57702105.html
Астана автопаркі 300 жаңа автобуспен толықтырылды
Астана автопаркі 300 жаңа автобуспен толықтырылды
Sputnik Қазақстан
Қазірдің өзінде 118 автобус қалаға жеткізіліп, желіге шығаруға дайындық жұмысы жүріп жатыр 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T09:07+0500
2025-10-08T09:07+0500
2025-10-08T09:07+0500
астана
автобус
қоғамдық көлік
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/08/57702204_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_02f435fa65bb423c818fff3846c122d8.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Елорданың автопаркі 300 жаңа автобуспен толықтырылды.Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік парақшасында қоғамдық көлік мәселесі қалай реттеліп жатқаны туралы жазды.Әкімнің айтуыша, қалған 182 автобус қалаға алдағы 3-4 айда жеткізіледі. Бұдан бөлек, жеке автопарктер де өз қаражаты есебінен көлік құрамын жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр.Жаңа автобустар желідегі көлік санын арттыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аялдамада күту уақыты қысқарады, жаңа бағыттар ашылып, ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылады."Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, LRT жобасын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр, қазірдің өзінде сынақтық іске қосу жұмысы басталып кетті. Сондай-ақ, жолдар мен жол айрықтарын салу және жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары елордада екі көпір пайдалануға берілді. Аталған жұмыстың барлығы алдағы уақытта да жалғасын табады", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
https://sputnik.kz/20250721/aqtauda-qogamdyq-kolik-zhurgizushileri-zhumysqa-shyqpay-qaldy-akimdik-ne-deydi--55816234.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/08/57702204_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_4167e59c4a0afe4a436e85116bb56b87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, автобус, қоғамдық көлік
астана, автобус, қоғамдық көлік
Астана автопаркі 300 жаңа автобуспен толықтырылды
Қазірдің өзінде 118 автобус қалаға жеткізіліп, желіге шығаруға дайындық жұмысы жүріп жатыр
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Елорданың автопаркі 300 жаңа автобуспен толықтырылды.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік парақшасында қоғамдық көлік мәселесі қалай реттеліп жатқаны туралы жазды.
"Біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі – қоғамдық көлікті дамыту. Биыл қалалық автопарк 300 жаңа автобуспен толықтырылады. Оның ішінде 118 автобус қазірдің өзінде қалаға жеткізіліп, желіге шығаруға дайындық жұмысы жүріп жатыр", - деді Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің айтуыша, қалған 182 автобус қалаға алдағы 3-4 айда жеткізіледі. Бұдан бөлек, жеке автопарктер де өз қаражаты есебінен көлік құрамын жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр.
Жаңа автобустар желідегі көлік санын арттыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аялдамада күту уақыты қысқарады, жаңа бағыттар ашылып, ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылады.
"Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, LRT жобасын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр, қазірдің өзінде сынақтық іске қосу жұмысы басталып кетті. Сондай-ақ, жолдар мен жол айрықтарын салу және жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары елордада екі көпір пайдалануға берілді. Аталған жұмыстың барлығы алдағы уақытта да жалғасын табады", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.