Ақылы жолда төлемнен жалтарған 500-ге жуық факт анықталды

© AFP 2024 / ROMAIN LAFABREGUE Ақылы жол
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Оның ішінде мемлекеттік нөмірді жасыру, жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді орнату жағдайлары бар
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. "Астана - Щучинск" ақылы жолында мемлекеттік нөмірді әдейі жасырған факт анықталды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ұлттық компанияның деректері бойынша 2025 жылдың басынан бері ақы төлеуден жалтаруға тырысқан 463 құқық бұзушылық тіркелген.

"Оның ішінде мемлекеттік нөмірді жасыру, жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді орнату жағдайлары бар. Барлық факті бойынша полиция органдарымен бірлесіп әкімшілік шаралар қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай құқық бұзушылықтың бірі 2025 жылдың 8 қазанында республикалық маңызы бар "Астана - Щучинск" ақылы автомобиль жолында тіркелген. Автоматты бақылау жүйесі арқылы HOWO маркалы жүк көлігі жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған фактісі тіркелді.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Ақылы автомобиль жолдары департаментінің қызметкерлері көлік құралының мемлекеттік нөмірін жедел анықтап, тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жолдады.
Қапшағайдағы ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Ақылы жол үшін 61 мың теңге – ҚазАвтоЖол желіде тараған видеоны түсіндірді
Жаңалықтар
0