Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымында тағы екі құрылымды ашуды ұсынды

© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын Астанадағы Alem.Ai жасанды интеллект орталығы негізінде құру ұсынылды
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне киберқауіпсіздік кеңесін және цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде көптеген ел шекараға бағынбайтын жаңа қатермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан киберқауіпсіздік мәселесіне баса назар аудару қажет, деді президент.
"Бұл Кеңес мемлекеттеріміздің іс-қимылын үйлестіріп, күш жұмылдыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен технологиялық байланысты бекемдей түседі. Биыл қыркүйекте осы тақырып бойынша Алматыда өткен конференция нәтижелері киберқауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты күшейту аса маңызды екенін тағы да растады", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән берген жөн.
"Жуырда Астанада Alem.Ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Соның негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынамыз. Бұл Орталық стартаптарды қолдап, бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады. Жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасуға және венчурлік капитал тартуға мүмкіндік береді. Біз цифрландыру және жасанды интеллектінің әлеуетін халықтарымыздың игілігі үшін ұтымды пайдалануымыз қажет", - деді президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстанда өтетін Ұйымның бейресми саммитін "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбына арнауды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Тоқаев Рахмонмен екі елдің экономикалық және мәдени саласындағы ықпалдастығын талқылады
Жаңалықтар
0