Атырауда блогер қызды түнде айдалаға апарып, ұрып-соққандар тергеліп жатыр

© Sputnik / Жоомарт УраимовАтырауда блогер қызды түнде молаға апарып ұрып-соққан
Атырауда блогер қызды түнде молаға апарып ұрып-соққан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауында
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Түркияға тур бойынша жарнама жасаған атыраулық блогер қызды ұрып-соққан күдіктілер тергеліп жатыр.
Жәбірленушінің айтуынша, өзін ұрып-соққан қыздың турын әлеуметтік парақшасында жарнамалап, тіпті 100 мың теңгеге өзі де алған. Алайда тур болмағасын ол ақшасын қайтарып беруді сұраған. Түсініспеушілік осы жерден туындап, кейін күдікті оны түнде зират басына апарып, қоқан-лоқы көрсеткен.
Атырау облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, олар полицияға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бақылау камераларынан бейнежазбалар алынды, куәгерлерден жауап алынады. Өтініш берушінің барлық дәлелі мұқият тексеріліп, жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауында екенін атап өтті.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
"Әлеуметтік желіге жариялаймын": кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Жаңалықтар
0