Жалпы ішкі өнімді арттыру үшін экономикаға 2,5 есе артық инвестиция салынбақ

© Sputnik / Абзал КалиевЖалпы ішкі өнімді арттыру үшін экономикаға 2,5 есе артық инвестиция салынбақ
Жалпы ішкі өнімді арттыру үшін экономикаға 2,5 есе артық инвестиция салынбақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Сарапшылардың айтуынша, 2029 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімін 450 миллиард АҚШ долларына жеткізу керек
АСТАНА, 6 қазан - Sputnik. Қазақстанның экономикалық өсу жоспары Ұлттық экономика министрлігінде қаралды.
Сарапшылардың айтуынша, 2029 жылға қарай елдің жалпы ішкі өнімін екі есеге арттыру және оны 450 миллиард АҚШ долларына жеткізу үшін экономикаға инвестицияны 2,5 еседен көп салу қажет.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЖалпы ішкі өнімді арттыру үшін экономикаға 2,5 есе артық инвестиция салынбақ
Заседание Экспертного совета при Миннацэкономики Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жалпы ішкі өнімді арттыру үшін экономикаға 2,5 есе артық инвестиция салынбақ
Министрлік Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур секілді өсудің рекордтық қарқынына қол жеткізген елдердің тәжірибесін зерделеді. Ол жақта өсу нүктелері мен стратегиялық бағыттарды 5-10 жыл ілгері анықтауға күш салған.
"Алға қойған мақсатты жүзеге асыру негізгі капиталға салынатын инвестицияны 2024 жылғы $41 млрд-тан 2029 жылы $103 млрд-қа дейін көбейтуді талап етеді. Осы кезеңде инвестицияның ЖІӨ-ге қатынасы 14%-дан 23%-ға дейін өсуі тиіс. Ал 2025-2029 жылдары инвестицияның жалпы көлемі шамамен $400 млрд болуы керек", - дейді вице-министр Арман Қасенов.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҰлттық экономика вице-министрі - Арман Қасенов
Вице-министр национальной экономики Арман Касенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Ұлттық экономика вице-министрі - Арман Қасенов
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа модельде Investment Board, яғни елдік ауқымдағы басым жобаларды айқындайтын және сүйемелдейтін инвестициялық қызмет негізгі мәнге ие болады.
"Проактивті экономикалық өсудің жаңа саясаты дегенде біз терең сараптаманы қажет ететін ірі жобалар туралы айтып отырмыз. Даму бағыттарын бір құрылымға келтіріп, ірі жобаларды басқаруда жоғары құзыретке ие мамандардан тұратын инвестициялық қызметті, яғни Investment board құруды жоспарлап отырмыз. Олар анағұрлым тиімді даму жолын сілтеп, экономикамыздың бағыттары мен тиісті жобаларды айқындайтын болады", — деп атап көрсетті Жұманғарин.
Инвестиция тартудың бұрынғы жүйесі сақталады. Бірақ проактивті саясаттың драйвері Investment Board болады. Жиынға қатысқан сарапшылар да экономикалық өсу саясатына қатысты көптеген ұсыныстар айтты.
"Мұндағы логика мынада сияқты: банктер арқылы несие беру инфляцияның сөзсіз өсуіне әкеледі. Өйткені банк жүйесі – инфляциялық процестерді жүзеге асырудың негізгі механизмі. Сөйте тұра, бүгінде ЖІӨ-нің өсуіне осы тұтынушылық несиелендіру елеулі үлес қосып отыр. Одан бөлек, инвестициялық қызметті қалыптастыру жоспарлануда, оған приоритетті жобаларды айқындайтын қатысушылар кіреді. Мәселе қаржыландырудың нақты тетігін таңдауда болып тұр. Мұндай детальдар процесс барысында пысықталмақ", — дейді қоғамдық кеңестің төрағасы Эльдар Шамсутдинов.
Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Құсайынов жаңа саясат Қазақстан экономикасының алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге жауап беретінін және басты назар елдің ішкі инвестициялық әлеуетіне аударылатынын атап өтті.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаTeniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов
Член Совета директоров Teniz Capital Investment Banking Галим Хусаинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов
"Бүгін біз ЖІӨ-нің $450 млрд-тық мақсатты деңгейіне қалай жетуге болатынын талқыладық. Инвестицияны молынан тартпай, оған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі айтып отырған мемлекеттің инвестициялық саясатқа анағұрлым белсенді қатысуға көшуі туралы ұсынысы дәлелді және уақтылы нәрсе", — деді ол.
Оның айтуынша, даму институттарын, соның ішінде бірінші кезекте "Бәйтерек" холдингін, осы жұмыстарға ауқымды түрде тарту капиталдың мемлекеттен ел ішіндегі нақты салалар мен жобаларға қарай қозғалуын қамтамасыз ететін қаржы инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте шетелдік компанияларды капитал көздері ретінде ғана емес, құзыреттердің, технологиялар мен басқару практикаларының тасымалдаушылары ретінде де тарту маңызды.
"Ең бастысы, мемлекет бастамашылық ететін жобалардың түсінікті экономикалық моделі, іріктеу мен сүйемелдеудің ашық тетігі болуы тиіс. Сонда мұнда жеке капиталды халықаралық деңгейде де таруға болады. Онсыз экономикалық өсім бюджеттік қаржыландыру шеңберімен шектелеіп қалады", — деп атап өтті сарапшы.
Ал Ғалым Құсайынов мемлекеттік және нарықтық құралдарды сауатты үйлестіре білу Қазақстанға артық инфляциядан аулақ бола отырып, экономикалық өсудің сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретінін айтты.
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жеті айда жалпы ішкі өнім 6,3% өсті
Жаңалықтар
0