https://sputnik.kz/20251006/pavlodar-oblysynda-12-kasiporyn-zansyz-altyn-ondirip-kelgen-57666621.html
Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын мен күміс өндіріп келген
Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын мен күміс өндіріп келген
Sputnik Қазақстан
8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген 06.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-06T14:10+0500
2025-10-06T14:10+0500
2025-10-06T14:43+0500
павлодар облысы
алтын өндіру
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37466536_0:315:3076:2045_1920x0_80_0_0_e9682129142a32110b6ea0d325df184d.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген.Баянауыл ауданында "IBM Gold" серіктестігі осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан. Мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты. "Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді", - делінген хабарламада. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданбақ.
https://sputnik.kz/20250522/shygys-qazaqstanda-zansyz-altyn-ondirgen-6-adam-ustaldy-53785869.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37466536_347:0:3076:2047_1920x0_80_0_0_32660d17661e186b7df96e08e75ef1b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, алтын өндіру
павлодар облысы, алтын өндіру
Павлодар облысында 12 кәсіпорын заңсыз алтын мен күміс өндіріп келген
14:10 06.10.2025 (жаңартылды: 14:43 06.10.2025) 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген.
Баянауыл ауданында "IBM Gold" серіктестігі осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.
"Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды", - деді прокуратура.
Мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.
"Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді", - делінген хабарламада.
Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданбақ.