"Дұрыс емес": "Қайраттың" бас бапкері қақпашыларға берілген сыйлық туралы айтты

© Photo : Пресс-служба ФК "Кайрат"Главный тренер ФК "Кайрат" Рафаэль Уразбахтин
Главный тренер ФК Кайрат Рафаэль Уразбахтин - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Кәсіпкерлер "Қайраттың" екі қақпашысы - Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырзаға көлік сыйға тартқан болатын
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. "Қайрат" фубол клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин екі қақпашыға сыйға тартылған көліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін кәсіпкерлер "Қайраттың" екі қақпашысы - Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырзаға көлік сыйға тартқан болатын. Ал клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ойыншыларды бұлай бөліп-жарудың қажеті жоқ деп санайды.

"Біз кәсіпкерлерге сыйлық беруге тыйым сала алмаймыз. Бірақ бұл жерде бір мәселені дұрыс түсіну керек. Бір ойыншыны бөліп көрсету – бұл дұрыс емес. Себебі футбол – командалық ойын. Меніңше, біреуге көмектескісі келсе, жалпы клубқа көмектесуге болады. Егер сыйлық бергісі келсе, барлық ойыншыға берсін. Егер сыйлық берілсе, ол клубқа берілсін. Мысалы, автобус немесе микроавтобус", – деді Оразбахтин.

Айта кетері, "Реал Мадридке" қарсы ойыннан кейін Шерхан Қалмырза УЕФА-ның үздік қақпашылар топтамасына енген болатын. "Спортингке" қарсы матчтан кейін де УЕФА Шерханның ойынын ерекше атап өткен.
Главный тренер мадридского Реала Хаби Алонсо - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Чемпиондар лигасында ойнауға лайық – "Реал" бас бапкері "Қайрат" туралы
Жаңалықтар
0