Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс әлдеқашан аяқталуы керек еді - Фицо

© POOL / Медиабанкке өтуРоберт Фицо
Роберт Фицо - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Жазылу
Ол өз үкіметінің мақсаты Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату екенін айтты
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Украинадағы қақтығыс әлдеқашан аяқталуы мүмкін еді, деді Словакия премьер-министрі Роберт Фицо, деп хабарлады РИА Новости.
"Егер Еуропалық Одақ Украинадағы соғысты қолдағандай бейбітшілікке көп күш жұмсаса, бұл соғыс әлдеқашан аяқталар еді", - деді Фицо жексенбі күні "O 5 minút 12" бағдарламасында.
Ол өз үкіметінің мақсаты Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату екенін айтты.
"Бұл соғыс әлдеқашан аяқталуы керек еді. Неге әлі жалғасып жатыр? Өйткені оны бір тарап қолдап отыр. Бұл соғыс басталғаннан кейін үш айдан соң аяқталуы мүмкін еді. Бірақ біреулер "жоқ, жоқ, жоқ" деді, - деді Фицо.
Шілде айының соңында Фицо Батыс Ресейді әлсірету үшін Украинаныпайдаланғысы келгенін, бірақ ол ойы іске аспағанын мәлімдеді.
Қаңтар айында Фицо Украинада бітімгершілік келісімге қол қою 2022 жылы қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай Батыс саясаткерлерінің қысымымен сәтсіздікке ұшырағанын айтты.
Встреча президента России Путина с премьером Сербии Фицо - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Словакия Украинаға әскер жібермейді – Фицо
Жаңалықтар
0