Қазақстанда мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр

© Photo : Министерство просвещения КазахстанаҚазақстанда ұстаздар күні аталып өтуде
Қазақстанда ұстаздар күні аталып өтуде - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Жазылу
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық білім беру ұйымында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді
АСТАНА, 5 қазан - Sputnik. 5 қазан Қазақсанда мұғалімдер күні аталып өтеді. Барлық өңір мен қалада ең ізгі мамандық иелеріне құрмет көрсетіледі.
Бастапқыда ол қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтті. Бұл дәстүр КСРО кезінен сақталды және заңмен бекітілді, онда 1965 жылдан бастап мұғалімдер күні қазан айының әр бірінші жексенбісінде мерекеленді.
Бірақ 2023 жылы Үкіметтің қаулысымен бұл күн әлемнің 100-ден астам елінде 5 қазанда тойланатын Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен синхрондау үшін өзгертілді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, педагогтар Қазақстанда ерекше құрметке ие. Президенттің сөзінше, бүгінде мұғалімдер мәртебесін көтеру үщін бірқатар шара қолға алынған.

"Міржақып Дулатовқа "ұстаз – бұл халыққа ең үлкен пайда әкелетін адам"деген сөздер тиесілі. Шынында да, мұғалім - әрқайсымыздың өміріміздегі өте маңызды адам. Басқаша айтқанда, ол әр баланың болашағына бағыт береді, жол сілтейді. Педагог тек білім ғана емес, тәрбие көзі болып табылады", - деді президент.

© Президенттің баспасөз қызметіТоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады
Тоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Тоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады
Бүгінгі таңда еліміздегі барлық білім беру ұйымында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Оның 400 мыңнан астамы мектептерде, 42 мыңнан астамы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 мыңнан астам тәрбиеші жұмыс істейді.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның 9 мұғалімі "Еңбек Ері" атағын алды.
Тоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0