https://sputnik.kz/20251005/qazaqstanda-alma-osiru-kolemi-43-ga-artty-57647006.html
Қазақстанда алма өсіру көлемі 43%-ға артты
Қазақстанда алма өсіру көлемі 43%-ға артты
Sputnik Қазақстан
2027 жылға дейін 110 гектарға апорт көшеті отырғызылады 05.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-05T19:50+0500
2025-10-05T19:50+0500
2025-10-05T19:54+0500
апорт алмасы
ауыл шаруашылығы
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_6b1870ba8982cef1086b9a9619ca74cb.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда 29 мың гектарға жуық алма бағы бар, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Қазақстандағы алма бақтарының жалпы алаңы шамамен 29 мың гектарды құрайды. Негізінен Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында орналасқан. Бір ғана Алматы және Жетісу облыстарының өзінде алма бақтары 2,4 мың гектардан астам аумақты алып жатыр, мұнда 416 мыңнан артық алма ағашы өсірілуде.Вице-министр қазақстандық бақтың символы саналатын апорт туралы айта келе, оның тек алма сорты емес, елдің мәдени мұрасының бір бөлігі екенін де мәлімдеді."Қазір Сиверс алмасының көшеттерін өсіретін питомник құрылды, көшеттер дайындау мен жаңа бақтар отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға дейін 110 гектарға апорт көшеті отырғызылады. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары селекциялық және агротехникалық бағдарламаларды белсенді дамытып келеді", — деді Тасжүреков.Вице-министрдің айтуынша, 85 жылдық селекциялық жұмыс нәтижесінде Қазақстанда шамамен 400 сорт пен будандардан тұратын коллекция қалыптасқан, оның ішінде апорт негізінде шығарылған 29 жаңа сорт бар.
https://sputnik.kz/20250928/biyl-kuzde-almatyda-10-gektar-aport-kosheti-otyrgyzylady-57451228.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_284221bb852e83b7e2ea0aac0040a3d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
апорт алмасы, ауыл шаруашылығы, министрлік
апорт алмасы, ауыл шаруашылығы, министрлік
Қазақстанда алма өсіру көлемі 43%-ға артты
19:50 05.10.2025 (жаңартылды: 19:54 05.10.2025) 2027 жылға дейін 110 гектарға апорт көшеті отырғызылады
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда 29 мың гектарға жуық алма бағы бар, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстандағы алма бақтарының жалпы алаңы шамамен 29 мың гектарды құрайды. Негізінен Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында орналасқан. Бір ғана Алматы және Жетісу облыстарының өзінде алма бақтары 2,4 мың гектардан астам аумақты алып жатыр, мұнда 416 мыңнан артық алма ағашы өсірілуде.
"Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2014 жылдан бастап фермерлер бақ отырғызу мен интенсивті технологияларды енгізуге арналған инвестициялық субсидиялар алады. Соның нәтижесінде алма өндіру көлемі 43%-ға, ал өнімділік 27%-ға артты", — деді вице-министр Ербол Тасжүреков.
Вице-министр қазақстандық бақтың символы саналатын апорт туралы айта келе, оның тек алма сорты емес, елдің мәдени мұрасының бір бөлігі екенін де мәлімдеді.
"Қазір Сиверс алмасының көшеттерін өсіретін питомник құрылды, көшеттер дайындау мен жаңа бақтар отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға дейін 110 гектарға апорт көшеті отырғызылады. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары селекциялық және агротехникалық бағдарламаларды белсенді дамытып келеді", — деді Тасжүреков.
Вице-министрдің айтуынша, 85 жылдық селекциялық жұмыс нәтижесінде Қазақстанда шамамен 400 сорт пен будандардан тұратын коллекция қалыптасқан, оның ішінде апорт негізінде шығарылған 29 жаңа сорт бар.