https://sputnik.kz/20251005/mugalim-bloger-bolmauy-kerek---deputat-57646381.html
Мұғалім блогер болмауы керек - депутат
Мұғалім блогер болмауы керек - депутат
Sputnik Қазақстан
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оның басты жұмысы – баланы оқыту 05.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-05T18:58+0500
2025-10-05T18:58+0500
2025-10-05T18:58+0500
депутат
мұғалім
заң
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1f/41932158_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_31ed7af8129ba2231248b7ca4ed22460.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтардың қызметін жеңілдету мақсатында заңға өзгертулер әзірленгенін хабарлады. Ол депутаттар "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер әзірленіп, үкіметке жолданғанын жеткізді.Түзетулер мұғалімдер үшін мына өзгерістерді қарастырады:Есеппен күресҚайталанатын есепке тоқтау салынады. Қағаз ба, цифрлық түрде ма – біреуін ғана толтырады. Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген деректі бірнеше жүйеде қайталау талап етілмеуі керек.Әлеуметтік желі - тек өз қалауыменМұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды. Бұл – тек еркімен орындалады. Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электронды поштада болады.Жауапкершіліктің айқын шегіМектептен тыс жағдайға мұғалім хабарламаға немесе қоңырауға жауап бермеуіне болады. Бұған қоса, "Мұғалімге тән емес функциялар" деген түсінікті заңда алғаш рет енгізіп отыр. Сонда нақты қорғану оңайырақ болады. Ол – заңдар мен еңбек туралы келісімшартта көрсетілмеген жұмыстың бәрі.Мектеп – ата-ана келісіміМектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады.Шынайы қорғанысПедагог мәртебесін бұзу үшін айыппұлдар күрт өседі. Бұған қоса, заңға мұғалімге психологиялық пен физикалық зорлық-зомбылыққа – мүлдем жол берілмейді деген норма енгізіліп отыр.
https://sputnik.kz/20250423/aymagambetov-ministr-kezinde-ozi-bekitken-talapty-ozgertudi-surady-52776916.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1f/41932158_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_c944c21f58472b30fd516f89a0dca109.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мұғалім, заң
Мұғалім блогер болмауы керек - депутат
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оның басты жұмысы – баланы оқыту
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтардың қызметін жеңілдету мақсатында заңға өзгертулер әзірленгенін хабарлады.
"Бұл мерекеде жылы лебіз ғана емес, ұстаздарды қорғайтын жаңа заңды да дайындадық. Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы оқу-ағарту министрі.
Ол депутаттар "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер әзірленіп, үкіметке жолданғанын жеткізді.
Түзетулер мұғалімдер үшін мына өзгерістерді қарастырады:
Қайталанатын есепке тоқтау салынады. Қағаз ба, цифрлық түрде ма – біреуін ғана толтырады. Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген деректі бірнеше жүйеде қайталау талап етілмеуі керек.
Әлеуметтік желі - тек өз қалауымен
Мұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды. Бұл – тек еркімен орындалады. Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электронды поштада болады.
Жауапкершіліктің айқын шегі
Мектептен тыс жағдайға мұғалім хабарламаға немесе қоңырауға жауап бермеуіне болады. Бұған қоса, "Мұғалімге тән емес функциялар" деген түсінікті заңда алғаш рет енгізіп отыр. Сонда нақты қорғану оңайырақ болады. Ол – заңдар мен еңбек туралы келісімшартта көрсетілмеген жұмыстың бәрі.
Мектеп – ата-ана келісімі
Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады.
Педагог мәртебесін бұзу үшін айыппұлдар күрт өседі. Бұған қоса, заңға мұғалімге психологиялық пен физикалық зорлық-зомбылыққа – мүлдем жол берілмейді деген норма енгізіліп отыр.