Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қазан

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 5 қазан
Күнтізбе - 5 қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2025
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 278-ші күн. Жыл соңына дейін 87 күн бар.
5 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

5 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

5 қазанда оқу мекемелерінде Бүкіләлемдік мұғалім күні аталып өтеді. Бұл күн – мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған әр азамат үшін үлкен мереке. Айтулы датаны 1994 жылы ЮНЕСКО бекіткен. Бұл күн оқушылар үшін де, мектептен түлеп ұшқан ересектер үшін де өте қымбат. Өйткені әрбір адамның өмірінде өшпес із қалдырған сүйікті де аяулы ұстазы бар.
Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеті атап өтеді.
Бүгін Дүниежүзілік тіршілік ету ортасын қорғау күні атап өтіледі. Мереке 1979 жылы Еуропаның жабайы табиғатын және табиғи тіршілік ортасын сақтау жөніндегі Берн конвенциясы аясында бекітілген.
Бұл күн адамның өзінен басқа түрлер мекендейтін орындарды қорғауға арналған. Алайда мұндай орындардың саны адам қызметінің барлық салада кеңеюіне байланысты азайып келеді.
Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (World Conservation Union) деректеріне сәйкес, соңғы 500 жыл ішінде жануарлар мен өсімдіктердің 844 түрі мүлде жойылып кеткен. Бұл үрдіс, өкінішке қарай, әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ, бүгін қазан айындағы ең көңілді мерекелердің бірі – Халықаралық күлкі күні. Бұл мереке АҚШ-та тұрған суретші Харви Беллдің арқасында пайда болды.
Бірде суретші жарнама акциясы үшін "күліп тұрған сары смайлик" бейнесін ойлап табады. Қызметкерлердің киіміне қадалған смайлик белгілері клиенттердің көңіл-күйін көтеріп, суретшінің танымалдылығын арттыра түседі. Көп ұзамай позитивті логотип жапсырылған көйлектер, бейсболка мен эмблемалар пайда болып, бүкіл әлемге тарала басталады. Егде жасқа жеткенде, Харви Белл "World Smile Day" мерекесін ойлап тапты. Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы тойланды.
Бүгін ТМД елдерінде Қылмыстық іздеу қызметкерлері күні аталып өтеді.

5 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1502 жылы теңізші Христофор Колумб Коста-Риканы ашты;
1823 жылы Англияда алғашқы медициналық журнал басылып шыға бастады;
1910 жылы Португалияда республика құрылды;
1925 жылы АҚШ-та Эрнест Хемингуэйдің алғашқы кітабы басылып шықты. Бұл "В наше время" атты шағын әңгімелер жинағы болатын;
1967 жылы Британ теннис қауымдастығы спортшыларды әуесқойлар мен кәсіпқойларға бөлу жүйесін алып тастап, жарыстарды барлығына ашық ету жөнінде ұсыныс жасады;
1999 жылы Лондондағы Паддингтон вокзалының маңында теміржол апаты болды. Салдарынан 31 адам қаза болды.

5 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1868 жылы Гавриловское қыстағының орнында Талдықорған қаласы өз тарихын бастады;
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды;
1943 жылы Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды;
1993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.

5 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

1900 жылы кеңестік театр және кино әртісі Варвара Мясникова өмірге келді. "Чапаев" фильмінде "Аньканың" рөлім сомдаған;
1940 жылы кеңестік театр және кино әртісі Виктор Павлов дүниеге келді (фильмдері: "Операция "Ы" и другие приключения Шурика", "Место встречи изменить нельзя");
1943 жылы кеңестік театр және кино әртісі, КСРО халық әртісі Инна Чурикова туды.
1975 жылы британиялық киноәртіс, "Оскар", "Алтын глобус" жүлделерінің иегері Кейт Уинслер (фильмдері: "Титаник", "Вечное сияние чистого разума", "Дорога перемен") өмірге келді.
1976 жылы Шешен республикасының президенті Рамзан Қадыров дүниеге келді.

5 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1920 жылы ақын Жұбан Молдағалиев дүниеге келді;
1924 жылы белгілі сатирик, жазушы Шона Смаханұлы дүниеге келді.
1940 жылы кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаев өмірге келді.
Жаңалықтар
0