Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қазан

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 4 қазан
Күнтізбе - 4 қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 277-ші күн. Жыл соңына дейін 88 күн бар
4 қазан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 қазанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлем халқы Дүниежүзілік жануарларды қорғау күнін тойлайды. 1226 жылы 4 қазанда жануарлардың қорғаушысы саналатын әулие Франциск Ассизский қайтыс болған еді. Франциск атындағы жүлде табиғатты қорғау саласындағы ерен еңбегі үшін беріледі. Жануарларды қорғау күнін мерекелеу туралы шешім 1931 жылы Флоренцияда Халықаралық табиғатты қорғау қозғалысын жақтаушылар конгресінде қабылданған. Әлемнің көптеген елі осы күні жыл сайын жануарлар күнін атап өтуге және түрлі бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға келісті.
4 қазанда еліміздің Қарулы күштерінің зымыран әскерлері мен артиллериясының мамандары кәсіби мерекені атап өтеді. 2000 жылы дәл осы күні Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес, Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы құрылды.
Бүгінгі таңда Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді және жалпы әскери іс-қимылда қарсыласты атудың негізгі құралы болып табылады.
Олардың жауынгерлік күшінің негізін тактикалық зымырандардың, оқпан мен реактивті артиллерияның, минаатқыштар құрамалары, әскери бөлімдері мен бөлімшелері құрайды.

4 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1675 жылы – қалта сағаты патенттелді;
1812 жылы – Крымда Никитинский ботаникалық бау-бақшасының негізі қаланды;
1916 жылы– Романов-на-Мурмане қаласының негізі қаланды, қазір шаһар Мурманск деп аталады;
1957 жылы – Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды.

Қазақстанда 4 қазанда болған тарихи оқиғалар

1991 жылы – Гурьев қалалық халық депутаттары кеңесі облыс орталығының атауын Атырау қаласы деп өзгерту туралы шешім қабылдады;
1994 жылы – Ангола Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;
1995 жылы – Қазақстан Республикасы 1961 жылғы Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясына қосылды.

4 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

1847 жылы кеңестік кино әртісі, кинорежиссер, сценарийші, педагог Александра Хохлова дүниеге келді (фильмдері: "Необычайные приключения мистера Веста в стране большевиков", "Великий утешитель" картинасында Дульсидің, ал "Большевики" фильмінде Пелагеяның рөлін сомдады);
1895 жылы Кеңес одағының нөмірі 1 барлаушысы, 1933-1941 жылдарда Жапониядағы кеңестік барлаудың резиденті, Кеңес Одағының батыры Рихард Зорге өмірге келді;

4 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1904 жылы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев өмірге келді;
1943 жылы дирижер, сазгер, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Мыңбаев дүниеге келді;
1951 жылы ақын, аудармашы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бақытжан Қанапиянов туды.
Жаңалықтар
0