Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаны қандай "тосынсый" күтіп тұрғанын айтты

© AFP 2024 / KENNETH MOLL / US NAVYЗапуск ракеты-носителя "Томагавк" с борта крейсера ВМС США, архивное фото
Запуск ракеты-носителя Томагавк с борта крейсера ВМС США, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Украина "Томагавк" зымырандарының ең жаңа үлгілерін алмайды. Бұл туралы журналист және сарапшы Патрик Хеннингсен YouTube-тегі Deep Dive арнасының эфирінде айтты, деп жазады РИА Новости.
"Олар ең заманауи үлгілер болмайды. Бұл мүмкін емес... Егер олар ресейліктердің қолына түссе немесе жарылмай жерге құласа және тағы да басқа жағдайларда технологиялардың ашылуу қаупі бар", – деді ол.
Сонымен қатар, оның пікірінше, мұндай қару-жарақтар әуе қорғаныс жүйесі жоқ елге қарсы тиімді болуы мүмкін, бірақ Ресей жағдайында бұл басқаша.
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путин Киевке Tomahawk зымырандарын жеткізу майдандағы жағдайды өзгертпейтінін айтты.
Сондай-ақ ол Киевтің америкалық зымырандарды қолдануы Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастарға нұқсан келтіретінін атап өтті.
Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Ақ үй басшысы АҚШ-тың алыс қашықтықтағы қаруын Ресейдің ішкі нысандарына соққы беру үшін қолдануға қойылған шектеулерді алып тастауға ашық екенін мәлімдеген, бірақ қолданыстағы шектеулерді қайта қарау жөнінде нақты уәде бермеген.
Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын беру мүмкіндігі туралы мәлімдемелерді өте маңызды әрі алаңдатарлық деп атады.
Жаңалықтар
0