Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеудің жаңа үлгісін ұсынды

© Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуФлаги США и Украины
Флаги США и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. АҚШ президентінің бұрынғы көмекшісі Томас Грэм РБК басылымына Украина дағдарысын шешуге қатысты көзқарасы туралы айтты, деп жазады РИА Новости.
"Украинадағы қақтығысты шешу – бір құжатқа қол қою мәселесі емес, бұл – Еуропадағы қауіпсіздік мәселесінің бір бөлігі", – деді ол.
Ол бірнеше негізгі тармақты атап өтті: Киевке "қарулы бейтараптық" моделіндегі қауіпсіздік кепілдіктерін беру; НАТО-ның Ресей шекарасына қарай кеңеюін тоқтату; қазіргі байланыс желісі бойынша шекараларды мойындау арқылы аумақтық мәселені уақытша реттеу; Ресейдің активтерін бұғаттаудан босату; Украинаны қалпына келтіру; Украинадағы орыс тілді азаматтардың және Украин православ шіркеуінің құқықтарын сақтау.
Грэмнің айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы келісімдерден кейін Украина қақтығысын аяқтау және Ресей мен Батыс арасындағы қатынастарды тұрақтандырудың барлық аспектілері бойынша келіссөздер басталуы тиіс.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин дағдарысты бейбіт жолмен реттеу жөнінде бастамалар ұсынған еді: украин әскерлері Ресейдің жаңа өңірлерінен шығарылуы керек, Киев НАТО-ға кіруден бас тартатынын ресми түрде мәлімдеуі тиіс, сондай-ақ елді демилитаризациялау мен денацификациялау, бейтарап, блоктан тыс және ядросыз мәртебе қабылдау қажет.
Сонымен қатар, Путин Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды да атап өтті.
Жаңалықтар
0