https://sputnik.kz/20251003/qarmet-segiz-aydyn-ishinde-ondiristi-zhangyrtuga-110-milliard-tenge-investitsiya-saldy-57600417.html
Тоқаев "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мемлекет басшысына есеп берді 03.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-03T16:10+0500
2025-10-03T16:10+0500
2025-10-03T16:18+0500
қасым-жомарт тоқаев
қарағанды облысы
әкім
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/03/57599608_22:0:1259:696_1920x0_80_0_0_a1efd2829253e227351ead1aaddcb0bb.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президент алдында есеп берді.Өңір басшысы аймақта барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалатынын айтты. Сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әкімнің айтуынша, әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өскен. Өңір басшысы "Qarmet" АҚ қызметі туралы ақпарат берді. Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде:Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастаған. Көмір өндіру көлемі 15 пайызға артты. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімге қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.
https://sputnik.kz/20250616/qytay-qaragandy-oblysynda-komir-khimiya-zauytyn-salady-54702067.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/03/57599608_176:0:1104:696_1920x0_80_0_0_224d8cef4d9c175f64c555fca2487e88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қарағанды облысы, әкім
қасым-жомарт тоқаев, қарағанды облысы, әкім
Тоқаев "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
16:10 03.10.2025 (жаңартылды: 16:18 03.10.2025) Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мемлекет басшысына есеп берді
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президент алдында есеп берді.
Өңір басшысы аймақта барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалатынын айтты.
Сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық.
Әкімнің айтуынша, әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайған.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өскен.
"Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі", - дейді Бөлекпаев.
Өңір басшысы "Qarmet" АҚ қызметі туралы ақпарат берді.
Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде:
шойын өндіру – 6 пайызға;
илемдеу - 5 пайызға артқан.
Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды.
Аймақ басшысының мәлімдеуінше, шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастаған. Көмір өндіру көлемі 15 пайызға артты. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімге қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ "Qarmet" АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.