"Мен бостандықтан, балаларымнан айырылдым": темір торға тоғытылған әйелдің өкініші

© Sputnik / Тимур Батыршин"Мен бостандықтан, балаларымнан айырылдым": темір торға тоғытылған әйелдің өкініші
Мен бостандықтан, балаларымнан айырылдым: темір торға тоғытылған әйелдің өкініші - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
23 жастағы әйел 17 алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жарым жылға сотталған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті темір торда отырып, өкінішін айтқан әйелдің сұхбатын жариялады.
Маңғыстауда 23 жастағы әйел 17 алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталған.
Ол таныстарына "тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырып беремін, кейін үстеме пайызымен қайтарамын" деп сендірген.
Азаматтар өз аттарына несие ресімдеп, қаражатты сотталған әйел мен оның туыстарының есепшотына аударып отырған.

"Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан. Күйеуім кетіп қалды. Екі кішкентай баламды көрмегелі бір жылдан асты. Олар мені осындай жерде көргенін қаламаймын. Ашкөздік пен ақшаға деген құмарлық өмірімді күйретті. Енді тек өкінуден басқа амалым жоқ", – деді соталушы.

Әйел алаяқтық бабы бойынша айыпталған кезде күйеуі тастап кеткен. Оны бостандықта анасы мен бауырлары және екі кішкентай баласы күтіп жүр.
Астанада төмен пайызбен несие алып беруге уәде еткен алаяқ 5 млн теңгеге алдап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Астанада несие алып беруге уәде еткен алаяқ тұрғынды 5 млн теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0