Министрлік 10 топтық су құбырын әкімдіктердің иелігіне тапсырды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Су құбыры датчиктері
Су құбыры датчиктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
Қазіргі таңда 11 топтық су құбырын жергілікті атқарушы билікке беру жұмысы жалғасып жатыр
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомстводағылар.
Қазіргі таңда 10 нысан әкімдіктерге берілді.
Олардың 4-еуі Маңғыстау облысында, тағы 4-еуі Батыс Қазақстан облысында және қалған екеуі Ақмола мен Абай облыстарында.
"Қазіргі таңда 11 топтық су құбырын жергілікті атқарушы билікке беру жұмысы жалғасып жатыр. Оның 9-ының құжаттары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінде. Жалпы саны 41 топтық су құбырын әкімдіктерге беру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Топтық су құбырларын әкімдіктерге беру – желілерді жүйелі түрде күтіп ұстау мен жөндеу арқылы апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді, дейді министрліктегілер.
Жалпы жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық инфрақұрылымды тікелей басқаруға қажетті өкілеттіктері мен құралдары бар. Олар тарифтерді бекітеді, бюджет қаражатын бөледі, сондай-ақ пайдалану мен қайта жаңғыртуға кететін шығындарды жергілікті және республикалық бағдарламаларға енгізе алады.
Жамбылдағы Шу өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Келесі жылы су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады
Жаңалықтар
0