https://sputnik.kz/20251002/zhol-beruge-bolmaydy-toqaev-zhasandy-intellekt-pen-adamdy-salystyrdy-57548863.html
"Жол беруге болмайды": Тоқаев жасанды интеллект пен адамды салыстырды
"Жол беруге болмайды": Тоқаев жасанды интеллект пен адамды салыстырды
Sputnik Қазақстан
Адам ой-сананың жүйріктігі жағынан машинаның артында қалмауы керек, деді президент 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T12:38+0500
2025-10-02T12:38+0500
2025-10-02T12:38+0500
президент
халықаралық форум
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/02/57545908_73:24:1163:637_1920x0_80_0_0_5ae3a2f66ffc1aeb2db7da8e8977629b.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен адамның мүмкіндіктерін салыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Тоқаев жасанды интеллект пен адамның негізгі айырмашылығына тоқталды.Оның айтуынша, заманауи технологиялар қаншалықты озық болса, адамның ой-санасы одан да жүйрік болуы қажет."Яғни, адам бұл тұрғыдан машинаның артында қалмауы керек. Осы мәселе бойынша көптеген тұжырым пайда болуда, тіпті, қызу пікірталастар жүріп жатыр. Бұл істе философия, мәдениет және білім айрықша рөл атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, адамның шексіз әлеуеті және озық технологиялардың бірегей мүмкіндігі ұштасқанда ғана жарқын болашаққа даңғыл жол ашылады", - деді президент.Осы орайда ол тағы бір маңызды мәселені айтты. Жасанды интеллектіде түрлі қоғамның болмыс-бітімі, дәстүрі, құқықтық нормалары мен адамгершілік қағидалары көрініс табуға тиіс. Сондықтан оны дамытуға философтар, әлеуметтанушылар және заңгерлер атсалысуы қажет. Ал технология әлеуметтік теңсіздікті ушықтырмауы, азаматтардың мінез-құлқы мен таңдауына манипуляция жасамауы керек.
https://sputnik.kz/20251002/toqaev-ulttyq-kompaniyanyn-tsifrlyq-direktorymen-tanysty-57545770.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/02/57545908_125:34:1077:748_1920x0_80_0_0_343219a33ebb2ee8e7f6587e01bdaac0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, халықаралық форум, жасанды интеллект
президент, халықаралық форум, жасанды интеллект
"Жол беруге болмайды": Тоқаев жасанды интеллект пен адамды салыстырды
Адам ой-сананың жүйріктігі жағынан машинаның артында қалмауы керек, деді президент
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен адамның мүмкіндіктерін салыстырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Тоқаев жасанды интеллект пен адамның негізгі айырмашылығына тоқталды.
"Біз мына маңызды мәселені де назарда ұстауымыз керек: жасанды интеллектінің бойында сана бар, бірақ сезім жоқ. Жасанды интеллект талдау және болжам жасауға қабілетті болғанымен, адам сияқты армандап, қиялдай алмайды. Кім біледі, бәлкім, он-жиырма жылдан кейін мұндай ахуалдың өзі түбегейлі өзгеруі мүмкін, бірақ қазіргі таңда жасанды интеллектінің "жаны", эмпатиясы әзірше жоқ", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, заманауи технологиялар қаншалықты озық болса, адамның ой-санасы одан да жүйрік болуы қажет.
"Яғни, адам бұл тұрғыдан машинаның артында қалмауы керек. Осы мәселе бойынша көптеген тұжырым пайда болуда, тіпті, қызу пікірталастар жүріп жатыр. Бұл істе философия, мәдениет және білім айрықша рөл атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, адамның шексіз әлеуеті және озық технологиялардың бірегей мүмкіндігі ұштасқанда ғана жарқын болашаққа даңғыл жол ашылады", - деді президент.
Осы орайда ол тағы бір маңызды мәселені айтты. Жасанды интеллектіде түрлі қоғамның болмыс-бітімі, дәстүрі, құқықтық нормалары мен адамгершілік қағидалары көрініс табуға тиіс. Сондықтан оны дамытуға философтар, әлеуметтанушылар және заңгерлер атсалысуы қажет. Ал технология әлеуметтік теңсіздікті ушықтырмауы, азаматтардың мінез-құлқы мен таңдауына манипуляция жасамауы керек.
"Артықшылыққа ие топтар алгоритмдерді пайдаланып, әлдебір құндылықтар мен ойлау моделін қоғамға таңуы ықтимал. Оған жол беруге болмайды. Бұл әлемнің мәдени әр алуандығына қиянат жасау болып саналады. Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс. Әділ шешімі осы", - деді Тоқаев.