https://sputnik.kz/20251002/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-2-qazan-57531146.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қазан
Sputnik Қазақстан
2 қазанда не болғанын білесіз бе? 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T00:01+0500
2025-10-02T00:01+0500
2025-10-02T12:51+0500
қазан
қызықты деректер
дерекқор
https://sputnik.kz/img/1164/94/11649403_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_d7fc282f5a732af50ac137e13572664d.jpg
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.2 қазанда болған қызықты оқиғаларБүгін – Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күн. Бұл күн Үндістанның тәуелсіздігі үшін қозғалыстың басшысы, бейзорлық философиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күніне байланысты таңдалған. 24 жасынан бастап 78 жасында кісі қолынан ажал құшқанға дейін Ганди бар өмірін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арнаған. Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы 27 маусымда бекіткен. Басты мақсаты - Бас Ассамблея шешімінде көрсетілгендей, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік пен зорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.Бүгін, сонымен қатар, Электронды поштаның туған күні тойланады.XX ғасырда адамдар пошташыны асыға күтіп, хат қолына тигенше тағат таппайтын. Енді қағаздың орнын электронды хаттар толығымен алмастырды десек, артық айтпаспыз. 1971 жылы 2 қазанда Р. Томилсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне хат жолдады. Компьютерлер бір бөлмеде тұрса да, бұл дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, ақпарат алмасудың жаңа арнасына жол ашты. @ символын Томилсон компьютер мен қолданушының есімін ажырату мақсатында ойлап тапқан. Алғаш рет АҚШ-тың әскери желісінде пайдаланылды.2 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар1870 жылы – Рим біріккен Италияның астанасына айналды;1936 жылы – АҚШ-та "құрғақ заң" алынып тасталғалы бері алғашқы ішімдік өндіруші кәсіпорын ашылды;1997 жылы – жапон ғалымдары адам ағзасындағы биологиялық сағатқа жауап беретін генді анықтады;2002 жылы – Жапонияда әлемдегі алғашқы робот-инкассаторлар сатыла бастады.2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1980 жылы – Целиноград қаласында тың игерудің 25 жылдығына байланысты бейнелеу өнері музейі ашылды;1991 жылы – Байқоңырдан алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды.1992 жылы - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП) ашылды – ТМД-дағы жаңа үлгідегі бірінші жоғары оқу орны.2 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді1923 жылы жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев дүниеге келді. "Қызыл комиссар", "Қылмыскер кім?", "Сиқырлы сырлар" атты пьесалар жазған;1926 жылы кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаев дүниеге келді;1944 жылы баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов дүниеге келді;1948 жылы актер, режиссер, театр педагогы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1164/94/11649403_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_a69c160c2b0284cd470993ffb212756c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазан, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қазан
00:01 02.10.2025 (жаңартылды: 12:51 02.10.2025) 2 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
2 қазанда болған қызықты оқиғалар
Бүгін – Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күн.
Бұл күн Үндістанның тәуелсіздігі үшін қозғалыстың басшысы, бейзорлық философиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күніне байланысты таңдалған. 24 жасынан бастап 78 жасында кісі қолынан ажал құшқанға дейін Ганди бар өмірін зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арнаған. Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы 27 маусымда бекіткен. Басты мақсаты - Бас Ассамблея шешімінде көрсетілгендей, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік пен зорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Бүгін, сонымен қатар, Электронды поштаның туған күні тойланады.
XX ғасырда адамдар пошташыны асыға күтіп, хат қолына тигенше тағат таппайтын. Енді қағаздың орнын электронды хаттар толығымен алмастырды десек, артық айтпаспыз. 1971 жылы 2 қазанда Р. Томилсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне хат жолдады. Компьютерлер бір бөлмеде тұрса да, бұл дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, ақпарат алмасудың жаңа арнасына жол ашты. @ символын Томилсон компьютер мен қолданушының есімін ажырату мақсатында ойлап тапқан. Алғаш рет АҚШ-тың әскери желісінде пайдаланылды.
2 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1870 жылы – Рим біріккен Италияның астанасына айналды;
1936 жылы – АҚШ-та "құрғақ заң" алынып тасталғалы бері алғашқы ішімдік өндіруші кәсіпорын ашылды;
1997 жылы – жапон ғалымдары адам ағзасындағы биологиялық сағатқа жауап беретін генді анықтады;
2002 жылы – Жапонияда әлемдегі алғашқы робот-инкассаторлар сатыла бастады.
2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1980 жылы – Целиноград қаласында тың игерудің 25 жылдығына байланысты бейнелеу өнері музейі ашылды;
1991 жылы – Байқоңырдан алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды.
1992 жылы - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП) ашылды – ТМД-дағы жаңа үлгідегі бірінші жоғары оқу орны.
2 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді
1923 жылы жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев дүниеге келді. "Қызыл комиссар", "Қылмыскер кім?", "Сиқырлы сырлар" атты пьесалар жазған;
1926 жылы кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаев дүниеге келді;
1944 жылы баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов дүниеге келді;
1948 жылы актер, режиссер, театр педагогы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов дүниеге келді.