https://sputnik.kz/20251002/astanada-sheteldikterdi-aldap-soqqan-qylmystyq-top-anyqtaldy-57553034.html
Астанада шетелдіктерге заңсыз қызмет көрсеткен қылмыстық топ анықталды
Астанада шетелдіктерге заңсыз қызмет көрсеткен қылмыстық топ анықталды
Sputnik Қазақстан
Олар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T13:47+0500
2025-10-02T13:47+0500
2025-10-02T14:16+0500
астана
шетелдік
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері елордада заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.Ауқымды арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді.Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған.Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген.Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары айғақ заттар – құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, топтың өзге де заңсыз әрекеттері мұқият тексеріліп жатыр.Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20250317/sheteldikterdi-zansyz-zhumysqa-tartqandarga-33-mln-tenge-ayyppul-salyndy-51660445.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, шетелдік, қылмыс
Астанада шетелдіктерге заңсыз қызмет көрсеткен қылмыстық топ анықталды
13:47 02.10.2025 (жаңартылды: 14:16 02.10.2025) Олар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері елордада заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Ауқымды арнайы операция нәтижесінде елорда аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді.
Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған.
Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген.
"Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары айғақ заттар – құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, топтың өзге де заңсыз әрекеттері мұқият тексеріліп жатыр.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.