https://sputnik.kz/20251001/ulttyq-bank-tengenin-quny-bir-ayda-qalay-ozgergenin-zhariyalady---57527025.html
Ұлттық банк теңгенің құны бір айда қалай өзгергенін жариялады
Ұлттық банк теңгенің құны бір айда қалай өзгергенін жариялады
Sputnik Қазақстан
Өткен айда ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларына валюта сатылған 01.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-01T16:52+0500
2025-10-01T16:52+0500
2025-10-01T16:52+0500
ұлттық банк
доллар бағамы
теңге
https://sputnik.kz/img/1142/88/11428832_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_ad3b6d3a46003a17a897e6c61a7305c5.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық банк қыркүйек айында теңге бағамы қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қыркүйектің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 549,07 теңгені құрады. Өткен айда ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ал қазан айында республикалық бюджеттен трансферттер бөлу үшін қордан 600 млн АҚШ долларынан 700 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деген болжам бар. "Ұлттық банк қыркүйек айында валюталық интервенция жүргізген жоқ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы валюта активтерінің үлесі осыған дейінгі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескере отырып, Ұлттық банк қыркүйекте зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Қазанда да валюта сатып алу жоспарланбайды", - дейді банк мамандары. Бұған дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы енгізілген болатын. Соның аясында өткен айда шамамен 378 млн АҚШ доллары сатылды.
https://sputnik.kz/20250731/dollar-bagamy-keri-qaytady-ukimet-valyutanyn-qubyluyna-qatysty-malimdeme-zhasady-56070828.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/88/11428832_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_21b115809e6b74d781cc86653c784f55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, доллар бағамы, теңге
ұлттық банк, доллар бағамы, теңге
Ұлттық банк теңгенің құны бір айда қалай өзгергенін жариялады
Өткен айда ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларына валюта сатылған
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық банк қыркүйек айында теңге бағамы қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қыркүйектің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 549,07 теңгені құрады.
"Осылайша, теңге 1,9 процентке әлсіреді. Қазақстанның қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 217 млн АҚШ долларынан 248 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,2 млрд АҚШ долларын құрады", - делінген банктің ресми хабарламасында.
Өткен айда ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ал қазан айында республикалық бюджеттен трансферттер бөлу үшін қордан 600 млн АҚШ долларынан 700 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деген болжам бар.
"Ұлттық банк қыркүйек айында валюталық интервенция жүргізген жоқ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы валюта активтерінің үлесі осыған дейінгі жоспарға сәйкес шамамен 40% екенін ескере отырып, Ұлттық банк қыркүйекте зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. Қазанда да валюта сатып алу жоспарланбайды", - дейді банк мамандары.
Бұған дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы енгізілген болатын. Соның аясында өткен айда шамамен 378 млн АҚШ доллары сатылды.