https://sputnik.kz/20251001/mazhilis-radioaktivti-materialdardy-tasymaldau-turaly-kelisimdi-ratifikatsiyalady-57510991.html
Мәжіліс радиоактивті материалдарды тасымалдау туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс радиоактивті материалдарды тасымалдау туралы келісімді ратификациялады
Sputnik Қазақстан
Келісім радиоактивті материалдардың заңсыз орын ауыстыруының жолын кесуге ықпал ететін болады 01.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-01T10:57+0500
2025-10-01T10:57+0500
2025-10-01T10:57+0500
мәжіліс
радиация
заң
https://sputnik.kz/img/105/56/1055650_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_4a041f9deba501d79df3c5de4e957cda.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялайтын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келісімнің негізгі ережелерін атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстан тек ірі уран өндіруші ғана емес, сонымен бірге маңызды транзиттік торап болып табылады.Ал келісімде ТМД елдерінің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тәртібі белгіленген. Негізгі шаралар:Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан арқылы ядролық қалдықтарды тасымалдауға тыйым салынған. Ондай шектеу ұлттық заңнамада көрсетілген.Мәжіліс депутаттары ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялап, сенаттың қарауына жіберді.
https://sputnik.kz/20250924/mazhilis-khalyqaralyq-ortalyq-quru-turaly-kelisimdi-ratifikatsiyalady-57337671.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/105/56/1055650_258:0:2989:2048_1920x0_80_0_0_ef3d48aa5e7fef5e97a248a2a741ff18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, радиация, заң
Мәжіліс радиоактивті материалдарды тасымалдау туралы келісімді ратификациялады
Келісім радиоактивті материалдардың заңсыз орын ауыстыруының жолын кесуге ықпал ететін болады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялайтын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімнің негізгі ережелерін атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстан тек ірі уран өндіруші ғана емес, сонымен бірге маңызды транзиттік торап болып табылады.
"Ядролық өнімдер, материалдар және оларға қатысты жүктердің ағыны ел аумағы арқылы өтеді, бұл халық пен қоршаған орта қауіпсіздігіне қатер төндіретін келісілмеген тасымалдарды болдырмау үшін нақты реттеуді қажет етеді", - деді Сәтқалиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал келісімде ТМД елдерінің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тәртібі белгіленген. Негізгі шаралар:
радиоактивті материалдарды тасымалдауды хабарлау және келісу; -орау мен тасымалды сүйемелдеу;
күтпеген немесе заңсыз операциялардың алдын алу үшін ақпарат алмасу;
рұқсат құжаттарын өзара тану.
"Келісім трансшекаралық тасымалдарды бақылау тиімділігін арттыруға, радиоактивті материалдарды мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу кезінде негізсіз кідірістерді болдырмауға, орын ауыстыру мониторинг жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ радиоактивті материалдардың заңсыз орын ауыстыруының жолын кесуге ықпал ететін болады", - деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан арқылы ядролық қалдықтарды тасымалдауға тыйым салынған. Ондай шектеу ұлттық заңнамада көрсетілген.
Мәжіліс депутаттары ТМД-ға мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялап, сенаттың қарауына жіберді.