Астаналық жүзуші Азия чемпионы атанды

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстаналық жүзуші Азия чемпионы атанды
Астаналық жүзуші Азия чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Үндістандағы 11-ші Азия чемпионатында қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Астаналық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан 11-ші Азия чемпионының алтын медаль иегері атанды.

"Ол 50 метрлік баттерфляй қашықтығында 23.74 нәтижесін көрсетіп, үздік деп танылды. Нәтижесінде елордалық спортшы алтын медальға ие болып, Азия чемпионы атанды", - деп жазды қала әкімдігі.

Сонымен қатар, 4х100 метрлік аралас эстафетада Әділбек Мусин Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренкомен бірге өнер көрсетіп, қазақстандық команда қола жүлдені қанжығасына байлады.
Үш жарыс күні қорытындысы бойынша қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды. Олар Қазақстан қоржынына бір алтын, төрт күміс және екі қола салды.
Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекорды жаңартылды
Жаңалықтар
0