Алматыда жылудың қашан берілетіні белгілі болды

© Sputnik / Мария ДевахинаАлматыда жылудың қашан берілетіні белгілі болды
Алматыда жылудың қашан берілетіні белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Жылу кезең-кезеңімен беріледі
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылу беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалада ауа-райының тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталған жағдайда жылу маусымын бастауға шешім шығарылады.
Жылу кезең-кезеңімен беріледі.
"Алдымен балабақшалар, мектептер, ауруханалар, колледждер мен әлеуметтік мекемелерге, одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар және қонақүйлерге, ары қарай әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары мен театрларға жылу беріледі", - дейді мамандар.
Айта кетері, 2-4 қазан күндері Алматыда күндіз 10-15 градус жылы, ал түнде термометр бағанасы 3-5 градусқа дейін төмендейді.
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2025
Астанада жылу беру маусымы басталды
Жаңалықтар
0