https://sputnik.kz/20250930/qazaqstannyn-algashqy-kriptoqoryna-tsifrlyq-aqsha-salyndy-57487664.html
Қазақстанның алғашқы криптоқорына цифрлық ақша салынды
Қазақстанның алғашқы криптоқорына цифрлық ақша салынды
Sputnik Қазақстан
Қор Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, Qazaqstan Venture Group-тың басқаруына берілді 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T11:36+0500
2025-09-30T11:36+0500
2025-09-30T11:38+0500
теңге
цифрландыру
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:6:3631:2048_1920x0_80_0_0_94c65e7c45a113453e4fefadc5c3423d.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem Crypto Fund криптоқорына цифрлық қаржы салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.Қор Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, Qazaqstan Venture Group-тың басқаруына берілді. Ал қордың стратегиялық серіктесі - Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі компания болып саналады.Қорды құрудың басты мақсаты - цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салу және қаржы резервін қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндіктерін кеңейте алады.
https://sputnik.kz/20250626/tsifrlyq-tenge-zhobasy-ayasynda-algashqy-zhol-salynyp-bitti-55136564.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_342:0:3073:2048_1920x0_80_0_0_5ec25f7a5069c649a52c25e186e07fa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, цифрландыру, министрлік
теңге, цифрландыру, министрлік
Қазақстанның алғашқы криптоқорына цифрлық ақша салынды
11:36 30.09.2025 (жаңартылды: 11:38 30.09.2025) Қор Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, Qazaqstan Venture Group-тың басқаруына берілді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem Crypto Fund криптоқорына цифрлық қаржы салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігіне сілтеме жасап.
Қор Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, Qazaqstan Venture Group-тың басқаруына берілді. Ал қордың стратегиялық серіктесі - Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі компания болып саналады.
"Дәл осы Binance Kazakhstan-мен серіктестікте Alem Crypto Fund өзінің алғашқы инвестициясын жүзеге асырып, BNB токенін сатып алды. BNB - бұл BNB Chain желісінің негізгі токені. Ол транзакция жүргізу, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады. Бүгінде BNB-дің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл оны әлемдік нарықтағы ең тұрақты әрі ықпалды цифрлық активтердің біріне айналдырып отыр", - дейді министрлік мамандары.
Қорды құрудың басты мақсаты - цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салу және қаржы резервін қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндіктерін кеңейте алады.