Қалдықтарды көму лимитін асырған кәсіпорынға 30 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуОтработанные батарейки, собранные для отправки на дальнейшую переработку
Отработанные батарейки, собранные для отправки на дальнейшую переработку - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жазылу
Экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқанын анықтаған
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Павлодардағы кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін қомақты айыппұл салынды, деп хабарлады бас прокуратура.
Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды.
Экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқанын анықтаған.
Сол себепті субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің мөлшерлемесіне қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді. Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жамбыл облысында қос азаматтығы бар ер адамға 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтар
0