https://sputnik.kz/20250930/chempiondar-ligasy-qayrat-realdan-oysyray-zhenildi-57502063.html
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" ойсырай жеңілді
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" ойсырай жеңілді
Sputnik Қазақстан
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T23:39+0500
2025-09-30T23:39+0500
2025-09-30T23:50+0500
"қайрат" футбол клубы
реал
футбол
қазақстан футбол федерациясы
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57502354_0:38:732:450_1920x0_80_0_0_ef9ff6e39a1a3d746e69b2bb6306b39d.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматылық "Қайрат" футбол командасы Чемпиондар лигасы аясында мадридтік "Реалдан" 0:5 есебімен ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мбаппе алғашқы үш голды соғып, хет-трик жасады. Төртінші голды Эдуардо Камавинга, бесінші голды Браим Диас соқты. "Қайрат" - "Реал": командалардың бастапқы құрамы "Қайрат": Қалмырза (қақпашы); Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Қасаболат, Арад, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтбаев."Реал": Куртуа (қақпашы); Асенсио, Хейсен, Алаба, Фран Гарсиа, Тчуамени, Себальос, Мастантуоно, Гюлер, Винисиус Жуниор, Мбаппе.Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қалаға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді."e-Qonaq" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге санағанда көрермен саны ондаған мың адамға жетті.Сонымен қатар Қазақстанның басқа облыстарынан келген жергілікті туристер де бар.Матчтың экономикалық әсері де айтарлықтай жоғары болады. Mastercard компаниясының мәліметі бойынша, Алматыға келген әрбір шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады.Еске сала кетейік, "Реал" Чемпиондар лигасының алғашқы турында "Марсельді" 2:1 есебімен жеңді. Ал "Қайрат" сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57502354_41:0:692:488_1920x0_80_0_0_1ac9ebe572ed686120ceae9d7c3e2fe4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"қайрат" футбол клубы, реал, футбол, қазақстан футбол федерациясы, алматы
"қайрат" футбол клубы, реал, футбол, қазақстан футбол федерациясы, алматы
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" ойсырай жеңілді
23:39 30.09.2025 (жаңартылды: 23:50 30.09.2025) Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті.
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматылық "Қайрат" футбол командасы Чемпиондар лигасы аясында мадридтік "Реалдан" 0:5 есебімен ойсырай жеңілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мбаппе алғашқы үш голды соғып, хет-трик жасады. Төртінші голды Эдуардо Камавинга, бесінші голды Браим Диас соқты.
"Қайрат" - "Реал": командалардың бастапқы құрамы
"Қайрат": Қалмырза (қақпашы); Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Қасаболат, Арад, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтбаев.
"Реал": Куртуа (қақпашы); Асенсио, Хейсен, Алаба, Фран Гарсиа, Тчуамени, Себальос, Мастантуоно, Гюлер, Винисиус Жуниор, Мбаппе.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қалаға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді.
"e-Qonaq" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге санағанда көрермен саны ондаған мың адамға жетті.
"Туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген", - дейді әкімдік мамандары.
Сонымен қатар Қазақстанның басқа облыстарынан келген жергілікті туристер де бар.
Матчтың экономикалық әсері де айтарлықтай жоғары болады. Mastercard компаниясының мәліметі бойынша, Алматыға келген әрбір шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады.
Еске сала кетейік, "Реал" Чемпиондар лигасының алғашқы турында "Марсельді" 2:1 есебімен жеңді. Ал "Қайрат" сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылды.