Бурабайда жоқ үйді жалға берген бозбала ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жазылу
Полиция күдіктінің басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Бурабайда жоқ үйді жалға берген 17 жастағы бозбала ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы бозбаланы қолға түсірді.
Тергеу дерегінше ол Бурабайда үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, сенім білдірген азаматтардан алдын ала төлем алған.
"Мәселен, бір жәбірленуші демалыс үйін "броньдау" үшін 60 мың теңге аударып жібергенімен, кейін күдікті байланысқа шықпай қойған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары жалған хабарландыру жарияланған телефонды тәркіледі.
Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полиция күдіктінің басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасайды: тұрғын үйді жалға аларда ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп, алдын ала ақша аударуға асықпаған жөн. Сонымен қатар заңды күшке ие жазбаша келісімшарт жасаған қауіпсіз болады.
Жаңалықтар
0