Авторлық құқықты бұзған ЖШС айыппұл төледі

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот орны
Сот орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жазылу
Сот авторлық құқықты бұзғаны үшін 100 АЕК, яғни 369 200 теңге мөлшерінде өтемақы белгіледі
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. ▪️Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты авторлық құқықты қорғады.
Ер адам ЖШС-ге қатысты авторлық құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.
Талап қоюшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында фотоиллюстрация түріндегі туындысын жариялаған. Аталған туынды жауапкердің ресми сайтында автордың келісімінсіз, автордың аты-жөнін көрсетпестен және еңбекақы төлеместен орналастырылған.
Фотосуреттің жауапкер тарапынан жарияланғаны даусыз, бұл жайт сотқа дейінгі талапта берілген жауапта да расталған. Тек осыдан кейін ғана жауапкер жарияланған туындыға автордың атын қосқан.
"Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерделей отырып, жауапкер талап қоюшының авторлық құқықтарын бұзды деген қорытындыға келді. Өйткені ол автордың келісімінсіз фотосуреттерді пайдаланған, бұл авторлық құқықты бұзу салдарынан заңдық жауапкершілікті туындатады", - деп жазылған сот таратқан хабарламада.
Авторлық туынды интернет-ресурста қолжетімді болғандықтан, оны жариялауға құқылы болды деген жауапкердің уәждері сотпен негізсіз деп танылды.
Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды және авторлық құқықты бұзғаны үшін 100 АЕК, яғни 369 200 теңге мөлшерінде өтемақы белгіледі.
Шешім заңды күшіне енді.
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жамбыл облысында қос азаматтығы бар ер адамға 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтар
0