https://sputnik.kz/20250929/lavrov-buchada-qaza-boldy-delingen-adamdardyn-tizimin-zhariyalaudy-surady-buu-zhauap-berdi-57477539.html
Лавров Бучада қаза болды делінген адамдардың тізімін жариялауды сұрады: БҰҰ жауап берді
Лавров Бучада қаза болды делінген адамдардың тізімін жариялауды сұрады: БҰҰ жауап берді
Sputnik Қазақстан
Биылғы қаңтардың соңында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Лавров Бучада өлтірілді делінген тұлғалардың тізімін Киевтен алуға көмектесуді БҰҰ бас хатшысы... 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T17:36+0500
2025-09-29T17:36+0500
2025-09-29T17:36+0500
бұұ
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55654893_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_67d2d2f312271ce5fa619e3963544290.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасынан Бучадағы арандатушылыққа қатысты сауалына жауап алды, хатшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі басқармасының заңгерлері туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Буча "құрбандарының" аты-жөнін жариялау мүмкін емес деп санайды. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новостиге хабарлаған."Мен 2022 жылғы сәуірде Бучада болған арандатушылыққа қатысты шындыққа жетуге тырысып жатқанымызды айттым... Біз Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасына бір жыл бұрын ресми түрде жазбаша жүгіндік. Осы жазда жауап алдық. Әрине, жауапта жәбірленушілер туралы ақпаратты жария ету мүмкіндігі хатшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі басқармасымен бірлесіп қарастырылып жатқаны жайлы таңғаларлық мәлімет айтылған. Содан кейін хатшылықтың заңгерлері бізге Бучадағы құрбандар туралы ақпарат олардың туыстарының қауіпсіздігі үшін жария етілмейді деп шешім қабылданғаны туралы ауызша түрде хабарлады", - деді Лавров БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясының жоғары деңгейдегі аптасының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.Қорғаныс министрлігі Ресейдің барлық бөлімшесінің 2022 жылдың 30 наурызында Бучадан толығымен шығарылғанын және қаланың солтүстік бағытындағы жол жабылмағанын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше осы уақытта қаланың оңтүстік шетін, соның ішінде тұрғын аудандарды Украина әскері ауыр артиллерия, танктер және зымыранмен тәулік бойы атқылаған.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Бучадағы адам өліміне қатысы бар деген кез келген айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығаратынын және халықаралық көшбасшыларды Ресейге айып тағуға асықпауға, Мәскеудің уәжін тыңдауға шақыратынын мәлімдеді.Биылғы қаңтардың соңында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Лавров Бучада өлтірілді делінген тұлғалардың тізімін Киевтен алуға көмектесуді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештен бірнеше рет өтінгенін, бірақ оның өтініші жауапсыз қалғанын айтты.Лавровтың пікірінше, БҰҰ бас хатшысына "тіпті Батыс қуыршақ ойнатушыларын әшкерелейтін шындықты анықтауға әрекет жасауға да мүмкіндік бермейді".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55654893_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_85cef4f31e6e3fcea8b34ce2892e776e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ
Лавров Бучада қаза болды делінген адамдардың тізімін жариялауды сұрады: БҰҰ жауап берді
Биылғы қаңтардың соңында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Лавров Бучада өлтірілді делінген тұлғалардың тізімін Киевтен алуға көмектесуді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештен бірнеше рет өтінгенін еске салды
АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасынан Бучадағы арандатушылыққа қатысты сауалына жауап алды, хатшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі басқармасының заңгерлері туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Буча "құрбандарының" аты-жөнін жариялау мүмкін емес деп санайды. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров
РИА Новостиге хабарлаған.
"Мен 2022 жылғы сәуірде Бучада болған арандатушылыққа қатысты шындыққа жетуге тырысып жатқанымызды айттым... Біз Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасына бір жыл бұрын ресми түрде жазбаша жүгіндік. Осы жазда жауап алдық. Әрине, жауапта жәбірленушілер туралы ақпаратты жария ету мүмкіндігі хатшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі басқармасымен бірлесіп қарастырылып жатқаны жайлы таңғаларлық мәлімет айтылған. Содан кейін хатшылықтың заңгерлері бізге Бучадағы құрбандар туралы ақпарат олардың туыстарының қауіпсіздігі үшін жария етілмейді деп шешім қабылданғаны туралы ауызша түрде хабарлады", - деді Лавров БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясының жоғары деңгейдегі аптасының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Қорғаныс министрлігі Ресейдің барлық бөлімшесінің 2022 жылдың 30 наурызында Бучадан толығымен шығарылғанын және қаланың солтүстік бағытындағы жол жабылмағанын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше осы уақытта қаланың оңтүстік шетін, соның ішінде тұрғын аудандарды Украина әскері ауыр артиллерия, танктер және зымыранмен тәулік бойы атқылаған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Бучадағы адам өліміне қатысы бар деген кез келген айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығаратынын және халықаралық көшбасшыларды Ресейге айып тағуға асықпауға, Мәскеудің уәжін тыңдауға шақыратынын мәлімдеді.
Биылғы қаңтардың соңында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Лавров Бучада өлтірілді делінген тұлғалардың тізімін Киевтен алуға көмектесуді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештен бірнеше рет өтінгенін, бірақ оның өтініші жауапсыз қалғанын айтты.
Лавровтың пікірінше, БҰҰ бас хатшысына "тіпті Батыс қуыршақ ойнатушыларын әшкерелейтін шындықты анықтауға әрекет жасауға да мүмкіндік бермейді".