https://sputnik.kz/20250929/biz-komandalyq-rukh-pen-tartip-zhagynan-myqtymyz---urazbakhtin-realmen-aldagy-oyyn-turaly-57472982.html
"Біз командалық рух пен тәртіп жағынан мықтымыз" - Уразбахтин "Реалмен" алдағы ойын туралы
"Біз командалық рух пен тәртіп жағынан мықтымыз" - Уразбахтин "Реалмен" алдағы ойын туралы
Sputnik Қазақстан
Уразбахтин Шерхан Қалмырзаның, Георгий Зарияның жағдайы және "Реалға" қарсы ойын тактикасы туралы айтты 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T15:06+0500
2025-09-29T15:06+0500
2025-09-29T15:09+0500
футбол
алматы
реал
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57468665_300:287:1156:769_1920x0_80_0_0_5900e580670b44a5fb59b99b78e5a454.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы аясындағы "Реалға" қарсы тарихи ойын қарсаңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.Ол Реалдың басқа командалармен ойындарын көргенін және команданың әлсіз тұстары жайында да айтты."Біз "Реалдың" соңғы бес ойынын көрдік. Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ПСЖ-ға қарсы ойынды да тамашаладық. Жеңіліс – футболдың сөзсіз бір бөлігі. Біз "Атлетико" матчына назар аудармаймыз. Олар схеманы сәл өзгертті. Біз олардың жеңген матчтарына көбірек көңіл бөлдік. "Реалдың" әлсіз тұсы жоқ. Біз бірдеңе анықтадық, бірақ ол әр командада бар. Мен қазір егжей-тегжейге тоқталмаймын. Біз көргенімізді пайдалануға тырысамыз", - деді жаттықтырушы.Журналистер Шерхан Қалмырзаның Чемпиондар лигасындағы дебютінен кейінгі көңіл-күйін де сұрады.Бас бапкердің айтуынша, Георгий Зарияның оңтайлы болмай тұр, бірақ ол негізгі топқа қайта оралды. Бірақ ол әлі толық дайын емес.Көптен күткен "Реал Мадрид" пен "Қайрат" арасындағы ойын 30 қыркүйекте өтеді.Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі "Қайраттың" еуропалық клубтарға қарсы ойынының толық тізімін жариялады:
https://sputnik.kz/20250929/almatyda-real-madrid-futbolshylaryn-erekshe-qarsy-aldy-57456837.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57468665_285:168:1134:805_1920x0_80_0_0_51d7322233295159de9cedd2b9e4ec00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, алматы, реал
"Біз командалық рух пен тәртіп жағынан мықтымыз" - Уразбахтин "Реалмен" алдағы ойын туралы
15:06 29.09.2025 (жаңартылды: 15:09 29.09.2025) Уразбахтин Шерхан Қалмырзаның, Георгий Зарияның жағдайы және "Реалға" қарсы ойын тактикасы туралы айтты
АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы аясындағы "Реалға" қарсы тарихи ойын қарсаңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Бұл ойын бүкіл Қазақстан үшін және біздің клуб үшін тарихи оқиға. Бұл әдеттегіден тыс. Біз ертеңгі ойынды асыға күтудеміз. Қазақстанға "Реал Мадрид" сияқты клуб келгеніне қуаныштымыз. Біз өз алаңымызда "Реалды" қабылдағанымызға екі есе қуаныштымыз", - деді Уразбахтин.
Ол Реалдың басқа командалармен ойындарын көргенін және команданың әлсіз тұстары жайында да айтты.
"Біз "Реалдың" соңғы бес ойынын көрдік. Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ПСЖ-ға қарсы ойынды да тамашаладық. Жеңіліс – футболдың сөзсіз бір бөлігі. Біз "Атлетико" матчына назар аудармаймыз. Олар схеманы сәл өзгертті. Біз олардың жеңген матчтарына көбірек көңіл бөлдік. "Реалдың" әлсіз тұсы жоқ. Біз бірдеңе анықтадық, бірақ ол әр командада бар. Мен қазір егжей-тегжейге тоқталмаймын. Біз көргенімізді пайдалануға тырысамыз", - деді жаттықтырушы.
Журналистер Шерхан Қалмырзаның Чемпиондар лигасындағы дебютінен кейінгі көңіл-күйін де сұрады.
"Илья Сергеевич Юров ("Қайраттың" қақпашылар бапкері – ред.) онымен көп уақыт өткізіп жатыр. Мен оған сенемін. Қақпашылар бөлек санатта, олар өз бетімен жұмыс жұмсайды. Мен Юровтың жұмысына араласпаймын. Шерхан "Спортингке" қарсы ойында жақсы өнер көрсетті. Егер бәрі жақсы болса, ол ертең ойнайды. Ертеңге аман жетейік", - деді Уразбахтин.
Бас бапкердің айтуынша, Георгий Зарияның оңтайлы болмай тұр, бірақ ол негізгі топқа қайта оралды. Бірақ ол әлі толық дайын емес.
Көптен күткен "Реал Мадрид" пен "Қайрат" арасындағы ойын 30 қыркүйекте өтеді.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі "Қайраттың" еуропалық клубтарға қарсы ойынының толық тізімін жариялады:
30.09.2025 - Қайрат - Реал (Мадрид);
21.10.2025 - Қайрат- Пафос;
05.11.2025 - Интер - Қайрат;
26.11.2025 - Копенгаген - Қайрат;
9.12.2025 - Қайрат- Олимпиакос;
20.01.2026 - Қайрат - Брюгге;
28.01.2026 - Арсенал - Қайрат.