https://sputnik.kz/20250929/astanalyq-ustaz-rekord-zhanartudy-kozdep-otyr-57478504.html
Астаналық ұстаз рекорд жаңартуды көздеп отыр
Астаналық ұстаз рекорд жаңартуды көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Бұл жолы ол бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғамақ 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T21:31+0500
2025-09-29T21:31+0500
2025-09-29T21:31+0500
астана
ұстаз
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57478596_43:0:1238:672_1920x0_80_0_0_eee776e1de1a458363d2e2f93efeb1d1.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Елордалық ұстаз Айгүл Ержанова бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғап, сүйреу арқылы жаңа рекорд орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанованы көпшілік білім мен тәрбие саласындағы білікті маман ретінде жақсы таниды. 30 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз – ҚР президентінің қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алған ел ардақтысы.Алайда Айгүл ханымның болмысы тек ұстаздықпен шектелмейді. Ол – ерік-жігердің, табандылықтың және нағыз чемпион рухының символына айналған спорт шебері.Айгүл Ержанова спорт әлеміне 52 жасында қадам басып, қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, алғашқы 1,5 жыл ішінде 45 медаль жеңіп алып, 8 мәрте рекорд орнатқан. Оның ішінде Мысыр елінде өткен халықаралық пауэрлифтинг чемпионатында қос алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекордты жаңартуы – көпшіліктің есінде.Бүгінде Айгүл ханым тағы бір үлкен сынға дайындалып жатыр. Бұл жолы ол бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғап, сүйреу арқылы жаңа рекорд орнатпақ. Көзге нәзік, сымбатты, талдырмаш әйел болып көрінгенімен, оның ішкі қуаты мен қайсарлығы кез келген жанды таңғалдырады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57478596_192:0:1088:672_1920x0_80_0_0_b04d84648b9736911923f99efdeee7c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ұстаз, рекорд
Астаналық ұстаз рекорд жаңартуды көздеп отыр
Бұл жолы ол бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғамақ
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Елордалық ұстаз Айгүл Ержанова бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғап, сүйреу арқылы жаңа рекорд орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанованы көпшілік білім мен тәрбие саласындағы білікті маман ретінде жақсы таниды. 30 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз – ҚР президентінің қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алған ел ардақтысы.
Алайда Айгүл ханымның болмысы тек ұстаздықпен шектелмейді. Ол – ерік-жігердің, табандылықтың және нағыз чемпион рухының символына айналған спорт шебері.
"Мен әрдайым өзімді жетілдіруге, жаңашылдыққа ұмтылып отырамын. Бұл әрекетім арқылы ұстаз да, әйел де, ана да кез келген арманына жету мүмкін екенін дәлелдегім келеді", – дейді Айгүл Тұрғанбайқызы.
Айгүл Ержанова спорт әлеміне 52 жасында қадам басып, қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, алғашқы 1,5 жыл ішінде 45 медаль жеңіп алып, 8 мәрте рекорд орнатқан. Оның ішінде Мысыр елінде өткен халықаралық пауэрлифтинг чемпионатында қос алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекордты жаңартуы – көпшіліктің есінде.
Бүгінде Айгүл ханым тағы бір үлкен сынға дайындалып жатыр. Бұл жолы ол бірнеше тонна тартатын ауыр жүк көлігін орнынан қозғап, сүйреу арқылы жаңа рекорд орнатпақ. Көзге нәзік, сымбатты, талдырмаш әйел болып көрінгенімен, оның ішкі қуаты мен қайсарлығы кез келген жанды таңғалдырады.