Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті

Ерлан Қарин мен Дмитрий Песков
Ерлан Қарин мен Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Жазылу
Екі елдің БАҚ өкілдері екіжақты ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы ұйымдастырылды, деп хабарлады Ақорда.
Оған екі елдің жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков медиафорум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.
"Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзгелерге үлгі боларлық сипатта екенін үнемі атап өтеді. Осындай өте жоғары деңгейдегі ықпалдастықты сақтау екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытындағы күнделікті жүйелі жұмысты қажет етеді", – деді Қарин.
Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші әлемдегі түбегейлі өзгерістер мен ақпараттық күн тәртібінің тұрақты жаңаруы жағдайында ортақ мақсат жолында біріктіретін және алға бастайтын дүниелерді сақтап, әрі қарай дамыту керек екенін атап өтті
Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті
Второй казахстанско-российский медиафорум в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті
Басқосуда цифрлық трансформация дәуіріндегі дәстүрлі БАҚ-тың рөлі, ақпараттық әріптестік тетіктері, медиа саласында жасанды интеллектіні пайдалану сияқты мәселелер талқыланды.
Президенттің Телерадиокешені ұйымдастырған бұл іс-шара 2024 жылғы қарашада Мәскеу қаласында өткен Қазақстан-Ресей бірінші медиафорумында айтылған бастамалардың жалғасы саналады.
Жаңалықтар
0