Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды

© "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметіЖаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды
Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр станциясының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа күн электр станиясы заманауи фотоэлектрлік технологиямен жабдықталған. 80 гектарда 80 000-нан астам күн панелі орнатылған. Олар екі жағынан да энергия шығарады. Станция жылына 86 млн кВт/сағ таза энергия өндіретін болады. Осылайша, жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станясының бірінші кезеңі аяқталды.
Гибридті конфигурация құбылмалы ауа райы кезінде де энергия қуатын береді. Қазіргі кезде газ электр станиясын салу жұмыстары атқарылып жатыр. Жаңа кешен күн, жел, газ электр станцияларынан тұрады.
© "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметіЖаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды
Жаңаөзенде күн электр станиясы іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2025
Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды
"Күн электр станциясы "ҚазМұнайГаздың" өңірдегі еншілес кәсіпорындары — "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-ін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, өндірістік процестердің тұрақтылығын сақтайды", - делінген хабарламада.
2026 жылы жел (77 МВт) және газ электр станциялары (120 МВт) пайдалануға беріледі. Осыдан кейін жоба жаңартылатын энергия көздері мен дәстүрлі генерация арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін бірыңғай гибридті энергия кешені ретінде толық қуатына шығады.
Жаңалықтар
0