Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 қыркүйек

© Sputnik / Владислав Воднев28 қыркүйек – күнтізбе
28 қыркүйек – күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2025
Жазылу
28 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дереқорынан оқыңыз.

28 қыркүйекте әлемде қандай мереке аталып өтеді

Биыл 28 қыркүйекке Бүкіләлемдік теңіз күні (World Maritime Day) тұспа-тұс келді. Бұл - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі халықаралық мерекелердің бірі. Мейрам 1978 жылдан бастап Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) Ассамблеясының 10-шы сессиясының шешімімен тойланып келеді.
Бүгін - ақпаратқа жаппай қол жеткізу халықаралық күні (International Day for Universal Access to Information).Мерекені ЮНЕСКО 2015 жылы бекітті. БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл күнді 2019 жылы халықаралық күндер тізіміне енгізді.
Бүгін Қытай Халық Республикасында Ұстаздар күні. Бұл күн б.з.д. 551 жылы туған ойшыл, алғашқы кәсіби ұстаз Конфуцийдің туған күніне орай белгіленген.
28 қыркүйек — бүкіләлемдік құтыру ауруына қарсы күрес күні.
Сондай-ақ бүгін ресми тойланбайтын қызық мереке – Бас директор күні.
Бұдан бөлек, 28 қыркүйекте Швейцарияда жүзім өсірушілердің жыл сайынғы мейрамы — шарап фестивалі басталады. Ол жүзім жинау науқанының басталуына орайластырылған. Швейцарияда бүкіл жүзімнен дерлік шарап дайындалады.
28 қыркүйек Қазақстанда Атом саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бекіту туралы жарлыққа 2008 жылы қол қойылды. Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамының мерекелер күнтізбесіне енгізілуі атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді.

28 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1542 жылы испаниялық Хуан Родригес Карбрильо Калифорния жағалауымен жүзіп өткен алғашқы еуропалық болды;
1958 жылы Францияда Бесінші Республиканың Конституциясы қабылданған референдум өтті;
1994 жылы "Эстония" паромы Балтық теңізінде батып кетті, 852 адам қаза тапты;
2001 жылы бразилиялық ұшқыш Жерард Мос "Шимангу" моторлы планерінде алғаш рет 100 күн ішінде жер шарын айнала ұшып өтті.

28 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды;
1996 жылы Алматыда Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды;
1999 жылы Ақтау қаласында Алашорда қайраткері Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды;
2006 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің алдына қойылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументін ашты.

28 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1924 жылы итальян актері Марчелло Доменико дүниеге келді;
1934 жылы француз актрисасы, әнші Брижит Бардо дүниеге келді;
1938 жылы кеңес одағының театр және кино актері Александр Голобородько дүниеге келді;
1976 жылы ресейлік спортшы, ММА бойынша Pride FC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы төрт дүркін, WAMMA тұжырымы бойынша екі дүркін әлем чемпионы Федор Емельяненко дүниеге келді.

28 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1897 жылы қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов дүниеге келді;
1932 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза дүниеге келді;
1940 жылы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі Герой Жолтайұлы Жолтаев дүниеге келді;
1943 жылы жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкеев дүниеге келді.
Жаңалықтар
0